Атырау жүк тасымалы тоғыз айда табысты еңбек етті

Жүк тасымалы
14.10.2022, 10:06
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде биылғы тоғыз айдың қорытындысы жаман емес. Негізгі 15 көрсеткіштің бесеуі жүз пайыздан аса орындалған. Қалғандары да соған жетеғабыл, жалпы алғанда өңірде тасымал тасқыны қанағаттанарлық деуге болады.

Өткен тоғыз айда жүк айналымы техникалық жоспарға сәйкес 99,8 пайызға орындалып, 8070 млнткмнеттоны құрады. Жүк тиеу 100 пайыз, жергілікті вагон айналымы 100,9 пайыз, вагонның орташа статистикалық салмағы 100,3 пайыз, тиелген вагонның динамикалық жүктемесі 100,8 пайыз, пойыздың орташа салмағы 100 пайыз орындалған. Байқап отырғанымыздай, жүк көлемі жеткілікті. Бірақ, локомотив жүрісі, учаскелік, техникалық жылдамдық, жүк вагондарының өнімділігі сынды кейбір көрсеткіш төмен. Оның себебі неде?  

Себебі, негізгі жүк көзі мұнай және мұнай өнімдері болғандықтан, оларды өндіретін зауыттардың қызметі тасымал көлеміне тікелей әсер етеді. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі берген мәліметке сүйенсек, жүк тасымалдауда темір жолдың не теміржолшылардың жұмысында кемшілік жоқ. Олар өз міндеттерін толық орындап келеді. Мәселе зауыттар жұмысында және басқа факторлар бар. Ең алдымен, 15 сәуір-15 мамыр аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытының кейбір қондырғыларының жөндеуге тұруы тасымал көлемінің кемуіне әсер еткен. Сондай-ақ, 1-31 тамыз аралығында «Теңізшевройл» ЖШС өндірістік нысандары да күрделі жөндеуге тұрды. Болашақ зауытында 7 тамызда бұзылған қондырғы күні бүгінге дейін жөнделе қоймады. Оған қоса, Украинадағы соғысқа байланысты онда экспорттық мұнай өнімдерін жөнелтуге тыйым қойылды. Сондай-ақ, «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп», «Истком Транс» сынды өңірдегі бірқатар алпауыт компаниялардың жүктері түрлі себептермен тиелмей қалған жағдайлар орын алған. 9-14 мамырда Грузияға да жүк жіберуге конвенциялық тоқтам қойылды. Міне, осындай себептер көрсеткіштердің толық орындалуына кедергі болғаны анық.  

Сонымен қатар, ақаулы шпалдардың кесірінен кейбір учаскелерде жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі, жолда тастанды пойыздардың көбеюі, малдың жолға шығып кетуі сынды жағдайлар локомотивтің жүрісіне және жылдамдығына, жүк айналымына да кері әсер еткені сөзсіз. Оның үстіне биыл өңірде 92 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, жол жөндеу машиналарының және байланыс, электрмен қамту дистанцияларының жұмысы үшін Атырау-Қиғаш, Мақат-Сағыз, Мақат-Құлсары учаскелерінде жалпы 2832,2 сағатқа созылған 786 технологиялық толаскез берілген. Ол да тасымалға кері әсер еткен. Өткен 9 айда малдың кесірінен 425 шұғыл тежеу болған. Бұл – локомотив өнімділігі үшін де, жүк тасымалы үшін де үлкен кедергі. «Міне, осындай себептер мен салдарларды айтпағанда жұмыс көлемі толықтай орындалуда» дейді бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Әзиз Айжарықов.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті