ҚТЖ жүк тасымалдауда оң көрсеткішке қол жеткізді

Жүк тасымалы
10.11.2022, 09:34
Оқуға 2 мин

2022 жылдың 10 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тиеудің оң динамикасын көрсетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Геосаяси жағдайға байланысты орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 100 пайызға орындалып, 212 млн тонна жүкті құрады. Республика бойынша 141 млн тонна жүк жеткізілсе, бұл өткен жылдан 3,4 млн тоннаға артық, экспорт  – 70,7 млн тонна.

Өнімнің экспорты мен импорты үшін басым бағыттардың бірі ҚХР болып қала береді. 10 ай ішінде Қытайдың Қазақстанмен шекарасында жүк тасымалдау көлемі 12%-ке өсті. Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелдері арқылы 19,4 млн тонна жүк тасымалданды. ҚХР-дан транзит 16%-ке, қазақстандық тауарлардың экспорты 12%-ке өсті.

Контейнерлік тасымалдар жеделдетілген қарқынмен өсуде. Соңғы алты жылда (2016 жылдан 2021 жылға дейін) Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзит 4,3 есеге - 245 мың ЖФЭ-ден 1 млн 66 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайды. 10 айда контейнерлерде астық тасымалдау 6 есе өсті. Тас көмір, мұнай коксы, шойын және құрама жем контейнерлерде тасымалдау жүзеге асырылды, бұрын бұл жүктер мұндай ыдыста тасымалданбаған еді.

Тиеу өсімінің негізгі драйвері 88,7 млн тоннадан астам тиелген, өткен жылға қарай 2,8 млн тоннаға өскен тас көмір болып табылады. Оның ішінде республика ішінде 61,3 млн. тонна тасымалданса, бұл өткен жылғы деңгейден 1,1 млн.-ға жоғары. Қатты отынның экспорттық жөнелтілімдері 1,7 млн тоннаға, яғни 27,5 млн тоннаға дейін өсті. Астық 7,7 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдан 408 мың тоннаға жоғары, оның ішінде экспортқа – 6 млн тонна (+554 мың тонна).

Мұнай жүктерін тиеу 975 мың тоннаға (15,4 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштар 94 мың тоннаға (3,3 млн. тоннаға дейін), түсті кен 246 мың тоннаға (18,7 млн. тоннаға дейін) және құрылыс жүктерін тиеу 247 мың тоннаға (13,6 млн. тоннаға дейін) өсті.  

Жыл басынан бері пайдалану жүк айналымы шамамен 210 млрд. тонна-км құрады, өткен жыл деңгейінен 6%-ке асып түсті. Бұл ретте, 2021 жылы жүк айналымы 239 млрд тонна –км-ге жетті және ҚР тәуелсіздігінің барлық жылдарында тарихи ең жоғары деңгейге айналды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды