2022 жылы ҚТЖ желісі бойынша 10 млн тонна астық тасымалданған

Жүк тасымалы
07.02.2023, 16:20
Оқуға 2 мин

Астанада 2023 жылғы 6 ақпанда "ҚТЖ– Жүк тасымалы" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Орынбасаров пен "ҚТЖ ЖТ" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғановтың, Қазақстанның астық өңдеушілері одағының, ұн тартушылардың, жүк жөнелтушілер мен трейдерлердің қатысуымен астық және ұнтақ өнімдерін тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша 2022 жылы 10 млн тонна астық тасымалданғаны атап өтілді. Оның ішінде 8 млн тонна экспортқа жөнелтілді - бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% -ке артық. Қазақстандық астықты өткізудің негізгі нарығы Орталық Азия елдері болып қала берді, бұл бағыттағы экспорт 11% -ке өсіп, 5,6 млн тоннаны құрады.

Сондай – ақ, Қытайға жеткізілім көлемі айтарлықтай 134% - ке өсіп, 600 мың тоннаны құрады. Бұл серпін контейнерлік тасымалдаудың дамуымен байланысты.

Ұнтақ өнімдерін тасымалдауда да оң қарқын байқалды. 2022 жылы ұн тасымалдаудың жалпы көлемі 3,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде экспортқа 2,3 млн тоннасы шығарылды. Бұл 2021-ге қарағанда 53% -ке көп. Негізгі көлемі Орталық Азияға - 2 млн тонна (2021 жылға қарағанда + 41%) және 300 мың тоннасы Қытайға жөнелтілді.

2023 жылы да өсу жалғасуда. Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан 138 мың тонна ұн экспорттады (2022 жылғы қаңтарда 118 мың тонна - 17% - ке өсті).

Сонымен қатар, жүктердің басқа түрлерін, ең алдымен кенді және көмірді тасымалдау айтарлықтай өсті, оларды жеткізу ауқымы да кеңіді. Бұл теміржол инфрақұрылымына жүктеменің күрт өсуіне әкелді.  

Бүгінгі таңда локомотив паркін кеңейту және жаңарту мәселесі жоспарлы түрде шешіліп жатқаны айтылды. Бес жыл ішінде 306 локомотив сатып алу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы сатып алынатын – 109.

Отырыста тасымалдауды жоспарлау мәселесі талқыланды. Жүк жөнелтушілерге өз тасымалдарының жоспарларын нақтырақ жасау, "бос" жоспарларын жасамау ұсынылады. Бұл жүк жөнелтушілер мен теміржолшылардың жұмысын нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, желіде кептеліс тудырып, станция жолдарында тұрған шет елдер бос вагондары  паркінің болу фактілері де атап өтілді.

Теміржолшылар жүк жөнелтушілермен бірлесіп, өздері үшін жөнелту көлемін анықтап, жеткізу жоспарларын белгіледі.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды