Өткен жылы ҚТЖ желісі бойынша жүк экспорты 30%-ға өсті

Жүк тасымалы
16.03.2023, 12:12
Оқуға 1 мин

Қазақстандық жүк жөнелтушілер контейнерлік тасымалдаудың артықшылықтарын оң бағалады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Олардың ішінде – сенімділік, жеткізу жылдамдығы және жүктің сақталуы. 2022 жылы ҚТЖ желісі бойынша тасымалданған экспорттық жүктердің жалпы көлеміндегі контейнерлік тасымалдар үлесі 4,4% (3,5 млн тонна) құрады.

Контейнерлермен экспорт өткен жылы 30%-ға өсті. Экспортқа астық өнімі бар 49 мыңнан астам ЖФБ жөнелтілген, 2021 жылға қарағанда өсім 4,2 есе. Жүк Қытайдың Алашанькоу, Үрімші, Сиань, Чунцин станцияларына, сондай-ақ ТХКБ бойынша Түркияның Мерсин портына жөнелтіліп отырды.

Контейнерлерде мұнай өнімдерінің экспорты 14,4 есеге, ұнтақ өнімдерінің (кебек, құрама жем, бидай ұны) 6,3 есеге өсті. Негізінен жүк ҚХР-ға жөнелтілді.

Өткен жылы Түркияға үлкен биг-бектерде ферросилиций, Қытайдың Шанхай, Сиань және Нантун қалаларына өсімдік майы, Түркия мен Грузия бағытында ТХКБ бойынша контейнерлерде түсті металдар жөнелтілді.

Бүгінгі таңда контейнерге жарамды экспорттық жүктердің әлеуеті шамамен 22 млн тоннаны немесе тасымалданған экспорттық жүктердің жалпы көлемінің 28%-тін құрайды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды