Жүк айналымының артуы Семей станциясы торабын жаңғыртуды қажет етуде

Жүк тасымалы
21.03.2023, 09:54
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде қозғалыс саласы бойынша ағымдағы тоқсанның көрсеткіштері оң нәтиже беріп отыр. Әсіресе жүк айналымын арттырудағы тың шаралардың нәтижесі бірден байқалады.

Сонымен қатар вагон паркі және локомотив шаруашылығы бойынша да жыл басынан бері қолға алынған жоспарлы шаралар сәтімен орындалды. Мәселен, небары бір аптаның ішінде ғана орта есеппен алғанда 380 758 тонна жүк тасымалданған. Оның ішінде Дегелең станциясынан тиелетін көмір басымды орынға ие. Бір ғана қаңтар айында апта ішінде 183 648 тонна қатты отын шартарапқа жол тартқан. Ал келесі кезекте түсті металл мен цемент тұр. Сондай-ақ қамбалардағы сақтаулы астық пен металлолом тиеу ісі де бұрын-соңды тіркелмеген жаңа деңгейге жетіп отыр. Жалпы, жылдың алғашқы айлары жүк тасымалы бойынша бәсең өтетіні белгілі. Сондықтан тың көрсеткіштерді жаңа рекордтардың бастамасы деуге болады.  

Жүк айналымында әсіресе контейнерлік тасымалдың үлесі артқан. Соңғы апталарда 10 мың тоннадан астам контейнерлік жүк тиеліпті.  

Десек те, қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі Қаражыра көмірін кедергісіз жөнелту болып отыр. Бұл орайда өткен қаңтар айында қолға алынған «Аз вагон паркімен – көп тасымал» бастамасы әлі күшінде тұр. Яғни, арнайы ұйымдастырылған маршруттар бойынша жүк жіберу әдісі оң нәтижелер беруде. Жылу электр орталықтары мен жеке сектор үшін көмір тиелген вагондарды өңдеу уақытын азайта отырып, бөгелтпей жөнелту жұмыстарын жүргізу қолға алынып, жаңа бастама қаңтар айының өзінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бір ай ішінде осындай тәсілмен 43 жылжымалы құрам жолға шығарылған. Бүгінде шығыстағы жылу нысандарында ең кемі екі аптаға жететін қор бар.  

– Әзірге бұл көмір тасымалындағы ең үздік нәтиже болып отыр. Өткен жылдың соңында да бұл тәсіл қолданылған болатын. Алайда ол кезде небары 16 бағыт қана ұйымдастырылған еді, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары.  

Аймақтағы жүк айналымындағы тағы бір жаңалық – астық тасымалының белең алуы. Осы тоқсан бойынша аптасына орта есеппен алғанда 10 192 тонна астық тиелген. Бұл көрсеткіш наурыз айында тіптен өсіп отыр.  

Айта кететін жайт, жүк айналымының көбеюі Семей станциясы торабын жаңғыртуды қажет етуде. Осы орайда «Кедентранссервис» АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде. Егер жоспар іске асырылатын болса, аталмыш бастамаға 2,1 млрд теңгенің инвестициясы салынбақ. Бұл жайт өз кезегінде жүк транзитін арттырып, жылжымалы құрамдарды қабылдау мүмкіндігін де кеңейтеді деп күтілуде.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды