Семейде жүк тасымалы бойынша колл-орталық іске қосылды

Жүк тасымалы
12.05.2023, 10:47
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысы бойынша жүк айналымын тиімді жүзеге асыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып, қысқа мерзім ішінде оң нәтиже беруде. Оны Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары жасаған сараптамалардан да айқын аңғаруға болады.

Бүгінгі таңда жүк тасымалын қамтамасыз ету және қауіпсіз түрде жеткізу – семейлік теміржолшылар үшін негізгі басымдық. Сондықтан да жүк айналымы бойынша сараптамалық жұмыстар тоқсан сайын ғана емес, апта сайын шығарылып, ондағы өзгерістер назарға алынуда. Бұл шара өз кезегінде туындаған проблемаларды уақыт оздырмай жылдам арада шешуге мүмкіндік береді.  

Мұның сыртында бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың бастамасымен жүк тасымалы мәселелері бойынша тәулік бойы әрі аптаның барлық күндерінде толыққанды жұмыс істейтін арнайы Колл-Орталық іске қосылды. Мамырдың 2-ші жұлдызынан бастап қолға алынған аталмыш шара жүк жөнелтуші әріптестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге кеңінен жол ашады. Әрі іс барысында кездесіп жататын түрлі кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Мамандар пікірінше, тың бастаманың нәтижесі алдағы уақытта анық байқалуы тиіс.  

Ал өткен апта жүк тасымалы бойынша қолға алынған шаралардың оң нәтижесін көрсеткен. Жалпы көлемі 317 940 тонна жүк жөнелтіліпті. Оның ішінде басымды үлес бұрынғыша қатты отынға түсіп тұр. Жылыту маусымының ұзаруына байланысты болса керек, апта ішінде 108 060 тонна көмір тасымалданған.  

Жүк айналымы бойынша екінші орынға түсті металл шығып отыр. 60 776 тонна бағалы материал тиелініп, шартарапқа аттандырылған. Айта кетерлігі, осыған дейін екінші орында астық тасымалы тұрды. Алайда, бидай өнімдерін тиеу ісі цементтен кейінгі төртінші орынға жылжыған. Логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары бұл жайтқа теміржолшылар тарапынан ешқандай кедергі жоқ екенін нақтылады. Маусымдық сипатқа байланысты бөлімшедегі астық тасымалы алдағы уақытта қайтадан артады деп болжанып отыр.  

Сол тәрізді Абай облысының орталығы Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының күрт қарқын алуы цемент тиелімін арттырған. Алдағы уақытта басқа да құрылыс материалдарының тасымалы да қарқын алмақ.  

Сол тәрізді контейнерлік тасымал бойынша да пайыздық көрсеткіш артып отыр.  

Десек те, бөлімшедегі жылжымалы құрамдар қозғалысы барысында жолаушылар пойызының үлесі айтарлықтай жоғарылаған. Өткен бір апта ішінде бөлімшеге қарасты теміржол вокзалдарында жалпы саны 11 805 адам пойызбен қатынапты. Яғни тәулігіне 1686 адам теміржол қызметін пайдаланды деген сөз. Өткен айда ғана бұл көрсеткіш тәулігіне 1250 адамды көрсеткен еді. Келесі айда аймақта туристік маусымның ашылуына орай жолаушылар нөпірі тіптен артатыны анық.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды