ҚТЖ жыл басынан бері 44 млн тонна көмір тасымалдады

Жүк тасымалы
06.06.2023, 10:42
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ бойынша көмір тиеу көлемі 106,7 млн тоннаны құрады, бұл жалпы теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің тең жартысы десек болады.

Қазақстан бойынша 74,3 млн тонна көмір тасымалданып, экспортқа 32,4 млн тоннасы тиелген. Көмір теміржолдағы жүк тасымалының негізгі бөлігі болып қалып отыр. Көмір тиеу көлемінің оң динамикасы биыл да байқалады. Ағымдағы жылдың бес айында 44 млн тонна көмір тасымалданса, оның 30,8 млн тоннасы республика бойынша, 13 млн тоннасы экспортқа тиелген.  

«ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктер тасымалына ерекше көңіл бөледі. Жылыту маусымы кезеңінде компанияның көмір штабы күн сайын тасымалға мониторинг жүргізіп, тасымалдың үзілуіне жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдайды. Біз көмір кен орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Күн сайын ҚР ИИДМ, әкімдік, көмір кен орындары өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліп, соның барысында барлық мәселелер бойынша өзара келісімге келетін шешімдер қабылданды. Өткен жылыту маусымы көмір жеткізу тізбегінде әрбір бөлімнің ұйымдасқан жұмысының өте маңызды екенін көрсетті», – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС маркетинг жөніндегі атқарушы директоры В.Копылов «Astana Minining Metallurgy» халықаралық тау-металлургиялық конгресі шеңберінде өткен көмір өнеркәсібі форумында сөйлеген сөзінде.  

Сонымен қатар өткен жылы энергиялық ресурстарға сұраныс артқандықтан экспортқа шығарылатын көмір тиеу көлемі де айтарлықтай өскені атап айтылды. «Экспортқа бағдарлану республикаішілік тасымал мәселесімен тығыз байланысты. Біздің ойымызша, көмір тасымалы республика бойынша ең басты стратегиялық міндет болып саналады», – деді баяндамашы.  

Атқарушы директордың айтуынша, биылғы негізгі тренд теміржол көлігі инфрақұрылымын тиімді пайдалану болып қала береді. Осы ретте тасымалды барынша молынан бағдарлаудың маңызы зор, бұл стратегиялық жүкті жеткізу уақытын қысқартып, көмірдің көп бөлігін тасымалдауға септік етеді.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды