Қазақстан-Қытай: бірлескен жүк терминалын салады

Жүк тасымалы
16.06.2023, 10:39
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да қытайлық делегация өкілдерімен өткен арнайы кездесуде Сиань портында салынатын Қазақстанның бірлескен жүк терминалының құрылыс жобасы талқыланды. «Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co.,Ltd» компаниясының бас директоры Юань Сяоцзюнь мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев кездесу қорытындысында бірлескен жұмыстар жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Мемлекет басшысы теміржол көлігімен тасымал көлемі соңғы онжылдықта тарихи шегіне жетіп, 39,6 пайызға артқанын атап өткен болатын. Бұл өсім негізінен контейнерлік жүк транзитінің есебінен болған және 2012 жылғы көрсеткішке қарағанда 11 есе көбейген. Тараптар айтып өткендей, осы ретте Қытайдың Сиань қаласындағы сауда-логистикалық паркі аумағында салынатын аталған терминалдың екі ел үшін маңызы зор болмақ.  

– Біз жыл сайын жүк айналымының артуы, дәстүрлі логистикалық тізбекті түбегейлі қайта құру жағдайында Сиань қаласындағы жаңа жүк терминалы маңызды логистикалық хабқа айналып, Қытайдың барлық өңірлерінен келетін жүктерді және негізгі халықаралық бағдарларды шоғырландыруға септік етеріне сенімдіміз. Жыл соңында аталған терминалды іске қосу бойынша қойылған мақсаттар мен қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру үшін бізге кең ауқымды жұмыстар жүргізу керек, – деді Е. Қойшыбаев.  

Жиынға сондай-ақ ішкі және сыртқы терминал желісін құру бойынша жобаларды жүзеге асыратын "Кедентранссервис" АҚ өкілдері де қатысты. Тағы бір мәселе – ТХКБ арқылы Қазақстан/Орталық Азия-Сиань бағдары бойынша контейнерлік тасымалды ұйымдастыру жайы да отырыста сөз болды. Қазақстан Президенті аталған бағдарды елдердің транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерін анағұрлым толығырақ жүзеге асыруға септік ететін «негізгі байланыстырушы бөлік» деп атаған болатын.  

– ТХКБ жобасына қатысушы елдерімен бірге біз теміржолдар мен теңіз порттарының өткізу қабілетін арттыру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізудеміз. Сонымен қатар бірыңғай баға қалыптастыру қағидаттары бар транзиттік өнімдер бойынша шаралар әзірлеудеміз. Мұның бәрі 2022 жылы ТХКБ бойынша жүк тасымалы көлемін 1,5 млн тоннаға дейін арттыруға септік етті. Қазақстандық жүктердің экспорты 2021 жылға қарағанда 6,5 есе артып, 891 мың тоннаны құрады. Оған қоса контейнерлермен 33,6 мың ЖФЭ жүк жеткізіліп, бұл алдыңғы жылға қарағанда 33 пайызға өсті. Биылғы 5 ай ішінде ТХКБ бағдарымен 1 млн тоннадан астам жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 64 пайызға көп болды, – деді Е. Қойшыбаев.  

Биыл жалпы алғанда ТХКБ бағдары бойынша 2 млн тоннаға жуық жүк тасымалдау жоспарланып отыр. ҚТЖ кешенді сапалы сервис ұсынуда тасымал географиясын ұлғайту үшін қашан да халықаралық ынтымақтастыққа ашық. Қазірдің өзінде ірі халықаралық компаниялармен біріккен кәсіпорындар мен альянстар құрылды. Сиань портынан келген мамандар да осы бағдар арқылы пойыздар жөнелтуге және осы дәлізді дамытудағы барлық жұмыстарға дайын екендерін жеткізді.  

Сонымен қатар, халықаралық бағдарларды түбегейлі қайта құру, Бірыңғай көлік жүйесіне интеграциялауды назарға ала отырып, Қытай тарапы ТХКБ-ның қазіргі заманғы логистиканың негізгі байланыстырушы буыны ретіндегі рөлін атап өтті және Ақтау қаласының портында контейнерлік хаб құру жобасына қызығушылық білдірді.  

Үшінші мәселе Ақтау портындағы контейнерлік хабты дамыту жайы болды. ҚТЖ осы хабты дамыту туралы Қытай тарапының бастамасын қолдайды. Ақтау порты Қазақстанның батыс қақпасы саналады және Үкімет оның дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Соған байланысты бұл порттың дамуы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына, ҚР көліктік-логистикалық әлеуетін 2030 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасына енгізілді. Порттың өткізу қабілетін арттырып, сол арқылы еліміздің көліктік транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік беретін бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. 2025 жылға қарай Ақтау портын халықаралық контейнерлік хаб ретінде құру негізгі жобалардың біріне жатады. Контейнерлік хаб Ақтау портына дейін жүк жеткізуде клиенттерге қолайлы жағдай жасауға септік етеді. Қытайлық делегация өкілдері осы жолы Ақтау портына да барып, оның жұмысымен танысады.  

Тараптар техникалық, ұйымдастырушылық-әкімшілік мәселелерді талқылап, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жеделдету, жер учаскелерін ресімдеу және биыл жыл соңында терминалды пайдалануға беру туралы уағдаластықтарды хаттамамен бекітті.  

Басқа да ынтымақтастық мәселелерін зерттеу мақсатында Сиань делегациясының Алтынкөл, Алматы терминалдары мен Ақтау портына сапары ұйымдастырылды.

 

Жаңалықтар
31.01.2026
ҚТЖ дамудың адам игілігіне бағытталған үлгісіне көшуді қолдайды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде