ҚТЖ-да тасымалдау көлемінің 40% астамын көмір құрайды

Жүк тасымалы
24.08.2023, 10:08
Оқуға 1 мин

2023 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ел ішінде теміржол көлігімен 145,9 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның ішінде 60 млн тоннадан астамы тас көмір, бұл ҚТЖ желісі бойынша тасымалдаудың жалпы көлемінің 40% құрайды. Қазақстандықтар үшін 41,7 млн тонна көмір жеткізілсе, ал экспортқа – 18,3 млн тонна.

ҚТЖ көмір өндіруші компаниялармен белсенді өзара іс-қимыл жасап, вагондар айналымын қысқартуға және тұрғындар мен ЖЭО-ға кепілдендірілген қатты отынмен қамтамасыз етуге бағытталған сервистер мен қызметтерді ұсынады.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де көмірді үздіксіз және біркелкі тасымалдауды қамтамасыз етудің Жол картасы іске асырылуда. Құжатқа тасымалдарды маршруттау, вагон және локомотив парктерін дайындау жөніндегі іс-шаралар енгізілген.

ҚТЖ-да қатты отын тасымалдарын үйлестіру жөніндегі жедел штаб және өңірлік мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде. Станцияда, темір жол бөлімшелерінде көмірдің түсуіне, көмір қоймаларында қатты отынның болуына тәуліктік мониторинг жүргізіледі.

Бос және тиелген көмір маршруттарын диспетчерлік бақылау  ұйымдастырылса, бұл вагондар паркін барынша тиімді пайдалануға, инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Күзгі-қысқы кезеңде көмір тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ-ның 22 мыңға жуық жартылай вагондарын тарту жоспарлануда, бұл өткен жылыту маусымына қарағанда 2 мың вагонға артық.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті