Құлсары станциясында жүк тиеу көлемі артты

Жүк тасымалы
25.08.2023, 10:29
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Аймақтағы ең өндірісті ауданда орналасқан бірінші класты Құлсары станциясы заман талабына сай нарық сұранысын қанағаттандырып, өлке өнеркәсібінің дамуына зор үлесін қосып келеді.

Бірнеше тарапты тоғыстырып жатқан Құлсары станциясы Мақат, Бейнеу, Атырау және Теңіз кеніші бағытында пойыздар қабылдап-жөнелтеді. Үнемі алдын алу шараларын жүргізу арқасында көп жылдар бойына пойыз және маневрлік жұмыстарда ақаусыз жұмыс жасап келе жатқан таңдаулы станцияның бірі.  

Сипаты мен жұмыс көлемі бойынша бірінші класты учаскелік болып саналатын станцияда жүк және қозғалыс цехы бар.  

Станция бастығының міндетін атқарушы Айнабек Бисалиевтің айтуынша, еңбек және технологиялық тәртіпті нығайту, жұмыс тиімділігін арттыру, техникалық сабақ пен адамдармен жеке жұмыс сапасын жақсарту, ұжымда еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережесін сақтауға аса мән беруде.  

– Ұжым мүшелерінің ынтымақтаса еңбек етуі арқасында станция негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары деңгейден көрінуде. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы жүк тиеу 152%, ал жүк түсіру 102% құрады. Осы жылдың шілде айында да жүк тиеу 163%, түсіру 139% көрсетті. Әрине, станцияға жүктелген міндет өте жауапты әрі күрделі, өйткені ол мұнай өнімдерін қауіпсіз тасымалдау және құраманың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді, сондықтан да қозғалыс қауіпсіздігіне аса мән беріледі. Былтыр және биылғы жылы станцияға келетін біраз жолдар жаңарып қалды. Атап айтқанда, Құлсары-Бейнеу-Опорная, Құлсары-Мақат-Шоқпартоғай-Құмкөл аралығында жолдар күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60 км/сағ – 120 км/ сағатқа, жүк пойызының жылдамдығын 50 км/сағаттан 100 км/сағатқа көтеруге ықпал етіп отыр. Станциядағы бағыттамалы бұрмалар да жаңарды, жұмыс өнімділігі анағұрлым жақсарды, – дейді станция жетекшісі.  

Құлсары станциясы өткен ғасырдың 70-жылдарында, дәлірек айтқанда 1967 жылы пайдалануға берілген, 80-жылдары «Теңіз» мұнай кенішінің дамуымен бірге станция жұмысы жандана түскен. Станция мұнай және газ тасымалдаушы маңызды арна саналып, кен орнының дамуымен өлкедегі көлік-коммуникация кешені де беки түсті. Темір жол арқылы тасымалданатын негізгі тауар өнімі – мұнай, мұнай өнімдері және химиялық жүктер. Сол себепті мұнай кәсіпшілігінің қарқынды дамуы станцияның да әрі қарай өсуі қажеттігі талабын қойды. Соған орай 8 жолдан тұратын қосымша «Б» паркі, 6 жолдан тұратын сұрыптау паркі салынып пайдалануға берілсе, «А» паркінің жолдары 1250 метрге ұзартылды.  

90 жылдарға дейін станция 20 мекемеге қызмет көрсетіп, апталық жүк түсіру-тиеу көлемі 450-480 вагонды құрады. Теңіз шикі мұнайын 18 млн тонна көлемінде тасымалдауға байланысты 2007-2008 жылдары №8 разъезд бойынша мұнай өнімдері жүгі мен бос цистерналарды қабылдап-жіберу пункті ашылды. Бүгінгі таңда 27 кірме жолға қызмет көрсетіп, 120 серіктеспен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Тәуліктік жүк тиеу-түсіру көлемі 270-290 вагонды құрап, тәулігіне 11 жұп жолаушылар, 20-25 жұп жүк пойызы өтеді. Әрине, серіктестер ішінде негізгі жүк қабылдап-жөнелтуші мекеме станциядан 10 шақырым жерде орналасқан «Теңізшевройл» ЖШС болып табылады. Құлсары станциясы көбіне осы кәсіпорын пойыздарын қабылдап-жөнелтеді. Қазіргі кезде «Теңізшевройл» ЖШС бойынша тәулігіне орташа есеппен тиелім 275 вагонды құрайды, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдері 164, химикат – 118 вагон, тәулігіне орташа есеппен 5-6 құрама қабылдап-жіберіледі.  

 

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?