25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Аққыстау станциясында жеті айда 5,8 мың вагон жүк түсірілді

Жүк тасымалы
28.08.2023, 13:30
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Аққыстау станциясы Ресейдің  Астрахань бағытында – Нарын, Исатай, Афанасьев, Дина Нұрпейісова станцияларымен, Атырау бағытында Махамбет станциясымен шектеседі. Демек, шағын болса да көтерер жүгі ауыр. Себебі еларалық жүктер алдымен осы станция арқылы өтеді.  

Станция Исатай ауданының орталығында орын тепкендіктен, мұнда келер жүк көлемі де қомақты. Оның үстіне теміржолдың бойымен тасылатын жүктің көлемі жыл сайын артып, ауданның экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Жергілікті халықтың негізгі тұтынатын тауарлары, құрылыс материалдары, азық-түлік, техникалық құралдар, мұнай өнімдері, т.б. осы станцияға келіп, жан-жаққа тарайды.  

Станциядан күндіз-түні толассыз өтіп жатқан құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысты ұйымдастырып отырған 5 станция кезекшісі, вагондарды қабылдап-тапсыру, түсірілген немесе станциядан жөнелтілетін вагондардың ақауларын, тазалығын қадағалайтын 5 жүк қабылдап-тапсырушы, келген жүктердің тарифтерін, тұрған сағаттарына алымдарын есептеп, қаржылық операцияларды жүргізіп отыратын 3 жүк кассирі қызмет атқарады.  

Жалпы, өңірде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын асыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда. Бағдарламаға байланысты Исатай ауданында «Атырау-Астрахань» тасжолының күрделі жөндеуден өтіп жатқаны белгілі. Бұл жұмыстар қарқын алған сайын Аққыстау станциясының да жұмысы жандана түсуде, жол құрылысына қажет материалдар станция тұйықтарынан көптеп түсірілуде. Одан бөлек, вагонмен жем, цемент, қиыршақ тас, т.б. жүктер жиі келеді.    

– Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек,  2021 жылы станцияда 2583 вагон жүк түсірілсе, 2022 жылдың тек 7 айында 2451, жыл қорытындысында 5 мыңға жуық вагон жүк түсірілді. Ал 2023 жылдың тек 7 айының өзінде 5684 вагон жүк түсіріліп отыр. Бұл – біз үшін жақсы көрсеткіш. Қазіргі таңда Аққыстау станциясы жол құрылысын салып жатқан PROGRESS CITY STROY, «Ант Иншаат Маден Санайи аноним ширкети», «КАЗСТРОЙСЕРВИС НС» ЖШС-не қызмет көрсетуде, – дейді станция бастығы Гүлнар Көшкімбаева.  

Станцияға №625/626 «Атырау-Астрахань», №631/632 «Д.Нұрпейісова-Атырау» бағыттарында қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтайды.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде