ҚТЖ өкілдері астық экспорттаушылармен кездесті

Жүк тасымалы
04.09.2023, 10:53

Көкшетау және Петропавл қалаларында биылғы астықты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша кеңестер өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Астық Транс» АҚ өкілдері, астық өнімдерін экспорттаушылар мен трейдерлер қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстанның солтүстік облыстары (Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан) астық және ұнтақ өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылар және елдегі астықтың ірі экспорттаушылары.

ҚТЖ деректері бойынша, 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін астық тиеу өткен жылмен салыстырғанда 29% өссе, ал экспорт – 33%. Ұнтақ өнімдерін тиеу 28%, экспорт 31% артты. Қазақстандықтар үшін тасымалдау 20% ұлғайып отыр.

 Жиында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Нұржан Келбұғанов астық пен ұнтақ өнімдері экспортының үлесі тиісінше 82% және 76% дейін өскенін атап өтті. Өткен маусыммен салыстырғанда Өзбекстанға астық экспорты 31%, Тәжікстанға 30%, Ауғанстанға 48% артқан. Сарыағаш МАТП бағытында астық экспорты 33%, ұнтақ өнімдері 20% көбейді. Өзбек теміржол әкімшілігімен бірлескен жұмыстың арқасында өткелдің өткізу қабілеті тәулігіне 18-ден 30 пойызға дейін өсті.

Ағымдағы маусымда ҚХР-ға астық тасымалдау 4 есеге артып, 1,1 млн тоннаға жетті. Қытай тәулік сайын астық таситын көліктерде 2 құрамнан және жабық вагондарда бір құрамнан (қаптарға салынған), жөнелту маршруттарымен (бір жүк жөнелтушіден Алашаңқай станциясының бондтық  аймағында бір жүк алушының атына) қабылдауға дайын. Бұл ретте Қытай тарапы Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы контейнерлерде астық жүктерін тасымалдауды ұлғайтуды сұрайды. Астық жүктерін тасымалдаудың тиімді тәсілдерінің бірі тасымалдарды маршруттау болып қала береді. Маршруттаудың  75-80% дейінгі деңгейіне жету жоспарлануда.

Кеңесте «жасырын (сұр)» транзит схемасы бойынша шекара маңы елдерінен астық әкелу туралы айтылды. Соңғы жылдары астық импорты тек темір жол көлігімен жылына 1,5 млн тоннаға дейін өсті, соның салдарынан отандық нарық шығынға ұшырады.

Астық тиеу кәсіпорындарына демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге, ал жүк жөнелтушілерге бір ай ішінде біркелкі жоспарлау мен жөнелтуді жүзеге асыруға кеңес беріледі. Экспорттаушыларға тиеу қуатын дамыту және кірме жолдарды жаңғырту қажеттігі атап өтілді – бұл астықты тиеп-жөнелту көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кірме жолдардың едәуір бөлігі кеңестік кезеңде салынған және өткен ғасырдан бері жөнделмеген. Сонымен қатар, бірқатар элеваторлардың жеке локомотивтері мен вагон таразылары жоқ.

Қазақстанда шамамен 19 мың вагон бар, оның ішінде жалпы парктің 32% немесе «Қазтеміртранс» АҚ (КТТ) паркіндегі 6 мыңнан астам вагон. Қолданыстағы вагон паркі бүкіл егінді республикаішілік және экспорттық бағытта тасымалдауды қамтамасыз ете алады.

Айта кету керек, КТТ вагондарын жалға алу - нарықтан төмен, сондықтан жылжымалы құрамдар жүк жөнелтушілердің үлкен сұранысына ие. «Астық Транс» АҚ-ның астық тасығыштары бойынша да осындай жағдай, олардың ставкалары басқа меншік иелеріне қарағанда 50% төмен. Сондай-ақ, ұнтақ өнімдерін тасымалдау үшін көрші елдер теміржол әкімшіліктерінің вагондар паркі белсенді тартылуда. Бұл ретте вагондар станцияларға келіп, тұрып қалатын жағдайлар тіркеледі, бұл станциялардың өткізу қабілетін едәуір қысқартады. Мұндай жағдай Қостанай станциясында қалыптасты.

ҚТЖ биылғы егіннің астығын тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптармен белсенді коммуникацияларды қолдайды.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды