Семей станциясына қарасты көмір тұйығында жылдағыдай қарбалас жоқ

Жүк тасымалы
07.09.2023, 10:27
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар жүк тасымалының жаңа кезеңіне аяқ басты. Қыркүйек айының басталуымен бірге көмір тасымалы күрт қарқын алып, жүк тиеу, түсіру жұмыстарымен қатар вагон айналымын реттеу сынды жауапты шаралар күн тақырыбына шықты.  

Бұл реттегі нөмірі бірінші мәселе – вагон айналымын жақсартып, шағын паркпен көп мөлшердегі жүк тасымалдау. Осы орайда бөлімшеге қарасты барлық тораптық жүк станциялары өткен айдан бастап жаңа тәртіпке бейімделе бастаған. Соның аясында бөлімшенің логистика саласының мамандары көмірге тапсырыс беруші клиенттермен жұмыс жүргізіп, болуы ықтимал проблемалардың алдын алуда.  

Мәселен, көмір тасымалындағы басты келеңсіздік – вагондардың тұйықтарда ұзақ уақытқа бөгелуі. Бұл клиенттер үшін әр минутқа салынған айыппұл қаржылай шығын әкелсе, сала мамандары үшін станция басында вагондардың жиналып қалуы өндіріс барысында өте күрделі жағдай қалыптастырады. Ал тәжірибе көрсеткендей, көмір тұйықтарындағы вагонның бөгелуі көп жағдайда сапасыз отынға байланысты екен. Күлдей ұсақ көмір мен табиғи тас аралас көмір көп жағдайда түсіру барысын бөгейді. Ендігі аралықта мұндай жағдайда клиент көмір өндірушілерге емес, бірден теміржолшыларға хабар беріп, қатты отын тиеуді бірден тоқтата алады. Бұл өз кезегінде күрделі мәселелердің алдын алады.

Осы мақсатта қазіргі таңда бөлімше бойынша арнайы қауырт желі жұмыс істеуде. Әріптестік қарым-қатынас орнатқан мекемелер мен ұйымдар тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейтін Колл-Орталыққа хабарласа алады. Мұның сыртында барлық клиенттер бөлімше басшысының WatsApp нөміріне ұсыныс немесе арыз-шағым жазып, тіпті дәлел ретінде фото-бейне жазбалар да жолдай алады. Соның аясында жүк жеткізу мәселесінде логистика саласы мамандары тарапынан нақты іс-шаралар дер кезінде қабылданатын болады.  

Аталмыш шаралардың барлығы қазірдің өзінде жемісін беруде. Мәселен, Семей станциясына қарасты «72 квартал» көмір тұйығында жылдағыдай қарбалас жоқ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік теміржолшылармен тығыз байланыс орнатқан. Нәтижесінде жеткізіліп жатқан көмір де сапалы, вагондар да жылдам босатылып жөнелтіледі. Сатып алушы қарапайым халық та разы. Келісімді жұмыстардың нәтижесінде бұрынғыдай ұзын-сонар кезек те, жүйкесі сыр берген жүк көлігінің жүргізушілері арасында жаға жыртысу да жоқ.  

Сонымен қатар, тұрғындар телефон арқылы тапсырыс беріп, ең ұзағанда бір аптадан соң үйлеріне қыстық отын түсіре алады. Ал өткен жылдары ең кемі екі ай тосу керек болатын. Айта кетерлігі, мұндай теміржол тұйықтарында үйге дейін жеткізіп беру шығынын қоса алғанда ең арзан бағадағы, яғни тоннасы небары 14 000 теңгені құрайтын көмір саудаланады. Сол себепті жеке сектор тұрғындары тарапынан сұраныс әрдайым өте жоғары.      

Логистика және жүк тасымалы бөлімі мамандарының айтуынша, қазіргі таңда қатты отын тасымалы тәулік санап артып келеді. Тек өткен аптаның ішінде жалпы көлемі 151 742 тоннаның көмірі тасымалданыпты. Бұл көрсеткіш, сөз жоқ, әлі де еселеп өсетіні анық. Оған барлық жағдай жасалған. Атқарылып жатқан жұмыс барысы бөлімше басшысының назарында тұр.

 

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді