Негізгі жоспар жарияланды

Жүк тасымалы
11.09.2023, 11:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл қыркүйекте ҚТЖ желісі бойынша 29 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға негізгі жоспар жарияланды. Ал тамыз айында 26 млн тоннадан астам тасымалданып, өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 8%-ке жоғары болған.  

Біркелкі тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілерді тасымалды нақты жоспарлауға шақырады. Жүктерді тасымалдау қағидаларында жоспарлаудың 2 түрі көзделген: тасымалдауды айлық жоспарлау (негізгі жоспар) және жоспардан тыс тасымалдау (қосымша жоспар). Теңіз порттары мен құрлықтағы шекаралық өткелдер арқылы «үшінші елдерге» тасымалдау кезінде өтінімдер жоспарланған ай басталғанға дейін 20 күн бұрын беріледі. ТМД елдеріне, Литваға, Латвияға, Эстонияға және Қазақстан Республикасы бойынша облысаралық қатынаста тасымалдау кезінде негізгі жоспар бойынша өтінімдер жоспарланған ай басталғанға дейін 14 күн бұрын қабылданады.

Автоматтандырылған жүйе бойынша өтінімдер алдағы айға тасымалдау көлемін келісу үшін Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңеске (ТМД және Балтық елдеріне қатысушы елдердің Теміржол көлігі мәселелеріндегі уәкілетті орган) беріледі.  ҚТЖ «Узбекистон темир йуллари» АҚ-мен жүк тиелген құрамдарды қабылдауды арттыру бойынша келіссөздер жүргізді. Қазіргі уақытта бірқатар өтінімдер Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан теміржол әкімшіліктерінде келісілуде.

Жүкті тасымалдаудың қосымша жоспарлары белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Тасымалдаушы теміржол желісінің өткізу қабілеттілігінің шектеулі болуына және басқа да себептерге байланысты қосымша жоспарларды келісуден бас тартуы мүмкін. Бас тартудың барлық жағдайлары бойынша жүк жөнелтушілер хабардар етіледі.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті