Көлік және логистика: тариф мәселесі сөз болды

Жүк тасымалы
10.10.2023, 09:03
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптада көлік апталығы аясында «Көлік және логистика нарығы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Жиында контейнерлік тасымал жүйесін қайта ретке келтіру мәселесі, Қазақстанның контейнерлік тасымалдың жаһандық қатысушысы ретіндегі рөлі талқыланды.  

Конференцияда алдымен стратегиялық сессия аясында заманауи логистикадағы өзекті бағыт ретінде контейнерлендіру нарығын дамыту, контейнерлердің жергілікті өндірісін қолдай отырып контейнерлендіру бағдарламасын жылдамдату тақырыптары да сөз болды. Сессия отырысына қатысқан «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко Орталық Азия елдерінің көлік-логистика саласындағы жетістіктерін айта келіп, бәсекелес бағыттар туралы ақпараттар берді.  

– Қазір бәсекелес елдердің бәрінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Солардан қалмау үшін қолға алынған жобаларды жүзеге асыруды жылдамдатуымыз керек. Контейнерлендіру мәселесіне келсек, бізде 4 пилоттық жоба бар. Қазақстанды көлік-логистикалық хабке айналдыру міндетін жүзеге асыру үшін бізге осы салалардағы көптеген мәселелерді шешу қажет, – деп теміржол мен жалпы транзиттік тасымал саласындағы көптеген түйткілді жайттардың шешімін табу керектігін жеткізді.  

Орталық Азияда әртүрлі теміржол жылжымалы құрамы мен инфрақұрылымының ірі меншік иесі және операторы болып табылатын «PTC Holding» ЖШС басқарма төрағасы Тимур Қарабаев қолданыстағы теміржол инфрақұрылымын кеңейту және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық дәліздер бойынша жүк ағынын ұлғайту жөніндегі ойларын айтты. Себебі бұл компания «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірге фитингтік платформалар паркін ұлғайту жолымен транзиттік контейнерлік тасымалдарды дамытуға айтарлықтай инвестиция салуда. Холдинг Беларусь, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Украина, Моңғолия, Әзербайжан және Еуропалық Одақ бағытында жүк тасымалдауды жүзеге асырады және ішкі нарықта жұмыс істейді.

– Достық станциясында үлкен терминал салдық. Қазір Грузияның Поти қаласында терминал салудамыз. Былтырдан бастап өзіміздің жеке контейнерлерімізді сатып ала бастадық. Қазіргі таңда Қытай компанияларымен еш делдалсыз тікелей жұмыс жүргізудеміз. Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тариф мәселесі бар, бұрын біз бұл дәлізге экспорттық дәліз ретінде қарап келсек, қазір оның импорттық сипаты да қатар жүреді. Қазір Қазақстан үшін осы бағдарды өте тиімді пайдалану керек, – деді ол.  

Отырыста контейнерлік тасымал тарифі мәселесін шешуге басымдық беру жайы айтылды. Дегенмен олар ТХКБ қатысушы елдері арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарифі ең төменгі екенін де жеткізе келе біздің еліміз үшін бұлай өзіндік құннан төмен бағада жұмыс істеу мүлдем тиімсіз екендігін де ескертті. Бұл ретте олар қазіргі контейнерлік тарифті төмендету немесе әмбебап тарифті контейнерлік тариф деңгейіне көтеру керек деген ұсыныстар айтты. Сессия отырысында сонымен қатар «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК» АҚ президенті Абай Түрікпенбаев контейнерлендіру үшін порттар санын арттыру тақырыбында өзінің ой-пікірімен бөлісті.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті