Қазан айында Сарыағаш түйіспесі арқылы 670 мың тоннадан астам астық тасымалдау келісілген

Жүк тасымалы
11.10.2023, 12:15
Оқуға 1 мин

Заңнамаға сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің теміржол көлігі жүкқұжатында көрсеткен мәліметтерінің дұрыстығын тексеруге және жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан тасымалдау мәртебесін айқындау мен тарифті есептеу үшін жүк транзиті кезінде тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін алуға құқылы.

Жүк жөнелтуші тауарға ілеспе құжаттарды, оның ішінде сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендік декларацияларды жөнелту станциясында ұсынады.

Егер құжаттарға толық емес және (немесе) сәйкес келмейтін мәліметтер анықталса, жүк жөнелтуші жаңа көлік жүкқұжатын жасайды. Оны ресімдегенге дейін тасымалдаушы жүкті қабылдаудан бас тартады.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қазан айына Сарыағаш түйісуі арқылы Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға 1,9 млн тоннадан астам жүкті, оның ішінде 670 мың тоннадан астам астықты тасымалдау көлемі келісілгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта жоспарды игеру жүк жөнелтушілердің жүктерді бермеуіне байланысты 50% аспады. Осыған қарамастан, Өзбекстан арқылы 70 мың тонна астық жүктерін тасымалдаудың қосымша көлемін келісу туралы шешім қабылданды. ҚХР-ға жүктерді тасымалдауға арналған қосымша өтінімдер қытайлық тараптың қарауында.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының осы үшін жабдықталған станцияларда контейнерлік вагондарды тиеу және түсіру жөніндегі телеграф нұсқауларының күшін жою туралы наразылығы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына қатаң сәйкестікте және белгіленген мерзімде орындалды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті