Астық керуені Ақкөлден басталады

Жүк тасымалы
24.10.2023, 09:37
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол бойындағы жүздеген станция-бекеттердің әрқайсысының өзіндік орны мен міндеті бар. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Ақкөл станциясы еліміздің астық өнімдерін экспортқа жөнелтуде жетекші роль атқаратын ерекше статусқа ие.

Ақкөл жұмыс сипатына қарай учаскелік станция болып саналса, жұмыс көлеміне қарай 3-класты теміржол бекетіне жатады. Ақмола – Қарталы теміржолының құрылысымен 1928 жылдары ашылған станция 1887-1997 жылдар аралығында Алексеевка аталған, бүгінгі Ақкөл елдімекенін жанай өтеді. Тың көтерілген жылдардан соң Қазақстан астығын әлемге таратып, экспорттық тасымалдың табысын арттырған станцияға айналды.  

– Станциядан жөнелтілетін негізгі жүк әрине солтүстіктің бидайы. Айналамыз толған элеваторлар, тек егін піскен күздегі жиын-терім кезінде емес, жыл он екі ай бидай тиеу мен жөнелту тоқтаусыз жүреді. Сонымен қатар металл сынығы, қиыршық тас, ағаш материалдары, картоп, тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдері республиканың өзге өңірлері мен шетелдерге экспортталады. Контейнерлік пойызбен Қытайға да жүктер, соның ішінде бидай жөнелтіледі. Қазіргі таңда айына 150 вагон жөнелтіп, 160 вагон түсіріп отырмыз, оның ішінде көмір және мұнай өнімдері бар. Латвия мен Польшадан малға құрама жем, егіншілік үшін тыңайтқыштар, малға керек дәрілер, Литвадан ауыл шаруашылығына техникалар жеткізіліп, біздің станциядан түсіріледі. Ақкөлде 9 жол бар, соның екеуі басты жол, қалғандары жүк тиеу-түсіру мен қабылдауға арналған. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің жүктерін тиеп-түсіріп, жөнелтетін 14 тұйық бар, соның ішінде өзіміздің 3 элеватор жұмыс істейді, – деп мәлімет берді Ақкөл станциясының бастығы Нұрбол Назаров.  

Теміржол тасымалын тасқындатып, сонымен қатар бүкіл бір облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып отырған Ақкөл станциясында осындай ауқымды жұмыстарды небәрі 24 теміржолшы атқарып отыр екен. Олардың бесеуі – станция кезекшісі, тағы бесеуі – пойыз құрастырушылар, екеуі – тауар кассирлері, төртеуі – жүк қабылдаушы. Ақкөл нағыз тоғыз жолдың торабында орналасқан станция болғандықтан Астанадан басқа облыстар мен елдерге және керісінше басқа жақтан елордаға бағыт алатын транзиттік жүк және жолаушылар пойыздары түгел өтеді. Тәулігіне 12 жұп жолаушылар пойызы, 50 жұп жүк пойызы өтеді.  

Станция бастығы Нұрбол Назаров «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісін алған, жас та болса тәжірибелі теміржолшы. Биыл күзгі байқау барысында жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін бөлімше бастығының Алғыс хатын алған.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда