Достық станциясында экспорттық жүк жоспары мерзімінен бұрын орындалды

Жүк тасымалы
13.11.2023, 16:56
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі қараша айының 13-і күні Достық станциясы арқылы 173 005 вагонмен 10 064 448 тонна жүк көрші Қытай еліне экспортталып, межелі жоспар 1,5 ай бұрын орындалды. Мұны «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның үлкен жетістігі деп бағалаған жөн.  

«Алдын ала жасалынған жоспар бойынша бұл көрсеткішті біз жылдың соңында бағындыруымыз керек еді. Бірақ, тапсырманы станция ұжымының ауызбіршілігі, жоғары ұйымдастырушылық еңбегі арқасында уақытынан бұрын орындап отырған жайымыз бар. Достық станциясы климаты өте күрделі аумақта орналасқан. Ауа-райы жұмыс процесіне қолайсыздық тудырып жататын жағдайлар жиі болып тұрады. Соған қарамастан станция қызметкерлері өз міндеттерін мінсіз атқарып, жауапкершілік жүгін абыроймен арқалауда», – дейді станция бастығы Мақсат Мәмбетқұлов.  

Оның айтуынша, экспорттық жүктер әртүрлі вагондармен тасымалданған. Олардың арасында контейнерлер, жабық вагондар, астықтасығыштар, тағысын тағы құрамдар бар. Және де жылжымалы құрамдар кең жол табанымен жөнелтіліп отырған. Экспортталған жүктердің номенклатурасына келсек, олар қазақстандық гематит, концентрат, кокс, мыс, ферро қорытпасы, феррохром, цинк, калий, астық, май түрлері, азық-түлік тауарлары екен. Экспорттық тасымал жоспардың орындалғанына қарамастан жылдың соңына дейін жалғаса бермек.  

Достық мемлекетаралық  шекаралық станциясында пойыздарды өңдеу технологиясын жетілдіру, станцияның техникалық процесіне қатысатын барлық қызметтердің пойыздарды тасымалдау құжаттарын өңдеу уақытын қысқарту, жүк тиеу терминалдарының өндірістік қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атар едік. Бұл атқарылып жатқан шаруалар екі ел арасындағы жүк айналымының ұлғаюына сөзсіз септігін тигізері анық.  

«Достық станциясы Қытай мен Еуропа арасындағы халықаралық транзиттік теміржол тасымалының мемлекетаралық негізгі байланыстырушы пункттерінің бірі. Сондықтан бізге станцияны техникалық дамыту бойынша іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалданатын жаңа көлемдерді игеру сияқты ауқымды міндеттер мен орасан зор жүктеме жүктеліп отыр »,–  дейді станция бастығы.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды