ҚТЖ-да мұнай және тау-кен секторларының жүк жөнелтушілерімен кездесу өтті

Жүк тасымалы
12.12.2023, 13:30

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы ел экономикасының мұнай және тау-кен секторларының жүк жөнелтушілерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Онлайн-кеңестерге ERG, Қазақмыс, ҚазАзот, KPI, ТШО, Батыс Транс Групп, «KAZ Minerals», «Asia FerroAlloys» ЖШС, Қазмырыш және басқа да компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың үлесіне темір жол көлігімен тасымалданатын жүктердің жалпы көлемінің 80% астамы тиесілі. Өткен жылдан бастап, өткізу нарықтарының өзгеруіне байланысты компаниялар жүк ағындарының қайта бағдарлануына тап болды, сол кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдауды жүзеге асыруға белсенді түрде жәрдем көрсетті.

Кездесуде тасымалдау процесін оңтайландыру, тасымалдау шарттарын келісу, пойыз жағдайына теріс әсер ететін вагондар жеке паркінің профициті және т.б. мәселелер талқыланды.

Кеңес барысында ағымдағы жылдың 11 айындағы тасымалдау қызметінің қорытындылары шығарылып, тасымалдарға қатысушылар іс-қимылдарының үйлесімділігі арқасында қол жеткізілген жүктерді тасымалдау көлемі өсуінде оң серпіні атап өтілді.

 Кеңес қорытындысы бойынша 2023 жыл бойы ҚТЖ-мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап өтілді, жүктерді тасымалдауға жәрдемдескені үшін жүк жөнелтушілер тарапынан оң пікір алынды. Ағымдағы жылдың қараша айында «Шұбаркөл Көмір» АҚ және Қарағанды жол бөлімшесімен бірлесіп көмір жөнелтудің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізген Тасымалдарды басқарудың өңірлік орталығына ТБӨО-3 (Солтүстік) ерекше алғыс айтылды. Ал рейстік модельді енгізудің арқасында Нұра-Топар, Нұра-Балқаш, Нұра-Жаңаауыл көмір маршруттары және мыс рудасы - Мырза-Балқаш, Бірлік-Балқаш, Саяқ-Балқаш бағыттары бойынша вагондардың айналымы жақсарды.  

Осындай кездесулер арқасында артық вагон паркін азайту, жүктерді тасымалдау жоспарларын орындау мәселелері жедел шешілуде, негізгі бағыттар бойынша желі жүктемелерін түсіру бойынша шешімдер қабылдануда.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды