Маңғыстау теміржолында жүк тасымалы артты

Жүк тасымалы
15.02.2024, 10:35
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Былтыр Маңғыстау теміржолында жүк тасымалы айтарлықтай артқан. Алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштер едәуір жоғары. Өңірден тиеліп, тасымалданған жергілікті жүктер: Бейнеуден ұлу тас, Шетпеден қиыршық тас, Ақтау портынан «КазАзот» тыңайтқышы және жергілікті құрылыс материалдарынан битум, т.т. көп шығарылған.

Осындай негізгі өнімдер мен өзге де жүктерді қосқанда жыл бойы 48 мыңға жуық вагон жергілікті жүк тиеліп, жөнелтілген. Жалпы, таратып айтсақ, түбек теміржолы арқылы өткен жылы 3 миллион тоннаға жуық, нақтысы 2 млн 941 мың тонна жүк тиеліп, күніне 199 вагонға дейін жүк түсірілген. Жоспар 171 вагон болған.  Белгіленген жоспардың нақты іске асуы – 108,3 пайыз. Сондай көрсеткіштер есебінен жалпы жүк айналымы 110,6 пайызды құраған.  

Құрық порты бағытында да жұмыс қыза түскен. Былтыр жыл он екі айда 700 кемемен жүк жөнелтіліпті. Бұл алдыңғы жылдан 72 кемеге артық. Жалпы бұл маршруттағы экспорт пен импорттық жүктер көлемі 2 млн 115 мың тоннаға жеткен. ТМТМ контейнерлік тасымалдау көлемі 86 пайызға өскен. Мұндай жоғары көрсеткіштерге жетуде өткен жылы Құрық портында іске қосылған көпфункциялы теңіз терминалы «Саржа» мен портқа дейінгі сұрыптау станциясының септігі мол болған. Аталған жаңа нысан ашылған қыркүйек айынан жыл соңына дейінгі төрт айда 400-ге жуық жабық вагон тиеліп, 4 кеме жөнелтілген. Биыл бұл бағытта өсім өте жоғары, бір айдың өзінде, яғни қаңтарда 315 вагон жүк түсірілген.      

– Құрық портында «МК Экспресс» оңтүстік кірме жолының іске қосылуы бұрын Ақтау портынан тапсырылатын жүктердің Құрық бағытына ауысуына септік етті. Осы «МК Экспресс», «Саржа» арқылы өтетін вагондар санын алдағы уақытта айына 500 вагонға дейін көтеру жоспарлануда. Сондай-ақ Құрықтан астық терминалы да ашылып жатыр. Қазір ондағы жұмыстар аяқталып қалды. Бұл терминалдың сыйымдылығы 60 мың тонналық қоймасы болады. Құрылыс пайдалануға берілгеннен кейін жүк айналымы тағы көбейеді, бірте-бірте 2, 4, 5 млн тоннаға дейін жетеді деген болжам бар. Жаңа бағыттар бойынша жұмыстар осылай оң көрсеткіштермен сипатталады. Ал «Ақбидай», «Солтүстік теңіз астық терминалдарында керісінше, бидайға сұраныс төмендегендіктен жүк жөнелту көлемі қысқарды. Маңғыстаудан тиелетін жүктер ішінде мұнай өнімдері мен құрылыс жүктерінің орны ерекше. Мәселен, былтыр мұнай өнімдерін тасымалдау жоспары 128 пайыз, құрылыс жүктері 103,3 пайызға орындалды, – деп мәлімет берді Маңғыстау қосалқы бөлімі логистика қызметінің басшысы Айбек Өтеков.

Бөлім басшысының ақпаратына сүйенсек, биылғы аяқ алыстары да жаман емес.  2023 жылдың қаңтар айында ТМТМ маршруты бойынша 5 контейнерлік пойыз жөнелтілсе, биылғы бір айда ол екі еседен де артып, 13 пойыз жіберіліпті. Аталған маршруттың Маңғыстау бөлімі бойынша іске асу жылдамдығы тәулігіне 852 шақырымды құрайды екен.    

 – Алдағы мақсат – жүк тиеуді тағы да арттыру. Қазір бұл бағытта клиент тартуға жұмыс жүргізіп жатырмыз. Көктемге қарай жұмыс көлемі артады, құрылыс көбейеді, егістік басталады дегендей, сондықтан «КаспийЦемент», «КаспийБитум», «КазАзот» өнімдері мен қиыршық тас және ұлу тастардың сұранысы қазірден артып келеді. Клиенттеріміздің сенімін ақтап, жүктерінің аман-есен көздеген жеріне жеткізілуін қамтамасыз ету – біздің басты міндет, – дейді Айбек Өтеков.

Логистика бөлімі басшысының айтуынша қазір тасымалдау саласында тасымалдаушыға да клиентке де оңтайлы жағдайлар қарастырылған. Заманауи технологияның жетістігі мен цифрландыру нәтижесінде жұмысты қамтамасыз ететін бағдарламалар тиімді жұмыс істеп тұр. Клиенттерге де барынша қолайлы жағдай қарастырылған. Бұрынғыдай қағазбастылық жоқ, бәрі электронды түрде, компьютермен атқарылады. Есеп айрысуды да сол жерден төлеп, тасымалдағы шектеулер, тарифтер мен жеңілдіктер, басқа да қажетті мағлұматтар үйден шықпай-ақ баршаға қолжетімді.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл