Қызылордада көмір тасымалының жоспары артығымен орындалды

Жүк тасымалы
27.02.2024, 08:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада көмір тапшылығы жоқ, жол бойындағы қоймаларда қатты отын қоры жеткілікті. Ақпан айындағы жағдай бойынша көмір тасымалының жоспары 123,1 пайызға асыра орындалып, қоймалардағы қор еселене түскен.

Жалпы «ҚТЖ-ЖТ» серіктестігі «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімі бойынша 2023-24 жылғы жылу маусымындғы көмір отынына кажеттілік – 237 700 тонна. Осы көлемдегі көмір отынын тасымалдаушы кәсіпорындармен келісімшарт түзіліп, жеткізуші заңды тұлғалар былтырғы мамыр айынан бастап тасымалдауға кіріскен. Тапсырыстар мамырдан наурызға дейін әр айға тасымалдану мөлшері бекітіліп берілген. Мәселен ақпандағы 6445 тонна көмірге берілген тапсырыс орнына 7935 тоннасы түсіріліп, жоспар асыра орындалып отыр. Және де бұл ақпан айының 21 күніндегі қол жеткізілген нәтиже көрінеді. Жалпы көмір тасымалы, 20-25 мың тонна мөлшерінде күз айларында қарқынды ұйымдастырылыпты.

– Жергілікті әкімдіктің бекіткен кестесіне сәйкес көмір тасымалы әр айға ықшамдалып тұрақты жүргізілуде. Ай сайынғы тасымал жоспары орындалып отырғандықтан аймақ бекеттеріндегі көмір қоймаларында қатты отынға деген тапшылық болған емес. Мысалы бүгінгі күнгі мәліметке сүйенсек, Сексеуіл станциясында 276 тонна көмір, Арал теңізі бекетіндегі қоймаларда 1932 тонна, Қазалы станциясында 4072 тонна, Жосалыда 404 тонна көмір болса, Шиелі станциясындағы көмір сақтау орындарында 9104 тонна көмір қоры бар, – дейді бөлім басшысы Нұрлан Жайсаңбаев.

Аймаққа келген көмір отыны негізінен Шұбаркөл көмір, Восток Уголпром, Майкубен секілді кәсіпорындардан жөнелтіледі. Әлеуметтік желілерде «көмір тапшы» деген алыпқашпа жазбаларда негіз жоқ екенін дәлеледеу үшін нақты мәліметтерді ұсынып отырмыз.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды