Жүктердің сақталуы мен межелі жерге уақытылы жеткізуде көрсеткіш жақсы

Жүк тасымалы
27.02.2024, 09:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі өткен жылы 1394 шақырымдық телімі бойында қауіпсіздікті қамамасыз етумен қатар тасымалданатын жүктердің сақталуы мен межелі жерге діттеген уақытында жеткізуде жақсы көрсеткіштерге жетті.    

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасып, жүктер мен нысандардың сақталуы бойынша жүйелі іс жүргізілуде. Жуырда бөлімше директоры міндетін атқарушы Алмас Сейсемқановтың төрағалығымен Семей, Өскемен-1 станцияларындағы желілік полиция қызметкерлерінің «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалы басшылығының қатысуымен ағымдағы жылғы тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша селекторлық кеңес өткізілді. Жиынға логистика саласының мамандары да қатысты.  

Жиында өткен 2 жылғы жұмыс қорытындысы да шығарылып, алдағы міндеттемелер қатары сөз болды. Соның ішінде әсіресе күзетке алынатын пойыздар мен вагондарды межелі станцияларға кедергісіз жеткізу, филиал қарамағындағы нысандарда сапалы күзет жұмыстарын жүргізу мәселесі кеңінен талқыға түсті. Бұл орайда желілік полиция мен әскерилендірілген күзет қызметі орын алған қылмысты ашу мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуде екен. Әсіресе тәуліктің түнгі мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары күшейе түскен. Күзету, қадағалау жұмыстары, сондай-ақ шекара маңындағы станцияларда да жоғары деңгейде. Соның нәтижесінде өткен жылы желі бойында кездесетін ұрлық, тонау сынды фактілер айтарлықтай төмендеген. Бұл орайда әсіресе «ӘТЖК» ЖШС филиалының мобильді шұғыл әрекет ету тобының күзетшілері желі бойында белсенді жұмыс жүргізуде. Ал желілік полиция құқықбұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында түрлі қауіпсіздік акцияларын, рейдтік шараларды жиі ұйымдастырады.

Айта кетер жайт, қазіргі таңда бөлімше бойынша цистерналарда сақталатын қауіптілігі аса жоғары жүктері бар жылжымалы құрамдар бөлімшенің барлық станцияларында дерлік арнайы қадағалауға алынған. Тасымалдағы жүкті діттеген жеріне аман-есен жеткізу тек күзет қызметінің ғана емес, станциялардағы теміржолшылардың да негізгі міндетіне кіретіні белгілі.

Жиынды қорытындылаған бөлімше басшысы Алмас Ғылымұлы желі бойындағы барлық құрылымдық бөлімшелер қауіпсіздік жолында бірлесе жұмыс жүргізіп, ортақ нәтиже шығаруы қажеттігін айтты.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды