Халықаралық жүк тасымалын құқықтық жетілдіру мәселесі талқылануда

Жүк тасымалы
02.04.2024, 17:28
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

Астана қаласында Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісімді (ХТЖҚК) жетілдіру мәселелері бойынша көлік құқығы бойынша Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) комиссиясының сарапшылар кеңесі басталды. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Грузия, Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей және ТЖЫҰ комитетінің өкілдері қатысуда.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілі Ақтан Рабаев құттықтау сөз сөйлеп, ТЖЫҰ көлік құқығын жетілдіру бойынша бірлескен жұмыс ТЖЫҰ-ға мүше барлық елдердің тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті.

"Қазақстанда транзиттік жүк ағынының ұлғаюын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдық қуаттарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде: таяу үш жылда 1300 км жаңа темір жолын, Қытай Халық Республикасымен үшінші темір жол өткелін - Бақты-Аягөз салу жоспарлануда. ҚХР – ЕО қатынасындағы  контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40%-не дейін қалыптасатын Сиань қаласының (ҚХР) Құрғақ портында қытайлық серіктестермен бірлесіп 2024 жылы Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық терминал ашылды", - деді А.Рабаев.

Төрт күн ішінде сарапшылар жүктерді халықаралық қатынаста темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі негізгі құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерімен жұмыс істейтін болады.

Кеңес барысында қазақстандық тарап ұсынған ХТЖҚК бірыңғай жүкқұжатын қолдана отырып, тікелей халықаралық темір жол-су қатынасын дамыту жөніндегі жоба талқыланатын болады.

Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) – 28 еуропалық және азиялық  елдердің темір жол көлігін жүргізетін министрліктері мүше болып табылатын халықаралық ұйым.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды