Жіңішке жүк станциясының бүгінгі жай-күйі

Жүк тасымалы
17.06.2024, 12:49
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қауіпсіздік мәселесі аса қауіпті теміржолдың бойында өте өзекті. Ал Жіңішке сынды жүк станциясында қауіп-қатер екі есе артады. 60-тан аса кірме жолы бар станциядан өңірдегі үлкен зауыттардың жүк тасымалы ұйымдастырылады.

Жуырда Жіңішке станциясының қауіпсіздік бойынша инженерлері  облыстық ТЖД қызметкерлері, «Қызыл ай» қоғамы нұсқаушыларымен бірлесіп жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Шара барысында сөз алған мамандар темір жолда, автожолда қауіпсіздікті ескеріп, қарапайым жүріп-тұру ережелерін сақтау қажеттігін, жаз маусымы басталуымен өрттен абай болуды ескертті.    

Жіңішке жүк станциясы күн сайын төрт жүк пойызын қабылдап, тағы төртеуін жөнелтеді. Ауыр жүк вагондарының қозғалысы жиі. Станцияның екі жақ бетінде елдімекендер орналасқандықтан теміржолшылар қауіпсіздік тақырыбында рейд пен кездесулерді жиі өткізеді. Себебі тұрғындар арасында темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтушілер аз емес.    

«Станцияда 60-тан астам кірме жол бар. Халықаралық деңгейде жүк жөнелту жұмыстарын ұйымдастыратын станцияда күніге 300 вагонға дейін жүк тиеледі. Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімдерін тасымалдайтын Қызғалдақты станциясының жұмысы да осы жерден ұйымдастырылады. АРБЗ өнімдерін елдің барлық аумағына жөнелтеді. 100 метрлік рельстер күнделікті тиеледі.  Қысқасы, жүк пойыздарының қозғалысы өте жиі. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаймыз, белгіленбеген жерді кесіп өтіп, жолды қысқарту дұрыс емес, әр адам өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керек, ауыр локомотивтерді шұғыл тоқтату мүмкін емес деп айтудай-ақ айтамыз, бірақ оны тыңдайтын да, тыңдамайтын да бар», – деді Жіңішке станциясының инженері Анар Мұқанова.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды