ТХКБ-ны дамыту келісімі ратификацияланды

Жүк тасымалы
21.06.2024, 11:01
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сенат «Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Келісімнің мақсаты – аталған бағдар бойынша мультимодальды тасымалдауды дамыту үшін автомобиль, теңіз және теміржол көлік түрлерінің басымдығын тиімді пайдалануға жәрдемдесу.  

Сонымен қатар келісім тараптарының аумақтары арқылы жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Заңда көліктің реттеуші салаларындағы ведомстволар мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, көлік бағытының тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қолдау үшін даму ортасын бірлесіп қалыптастыру, логистикалық және көлік операцияларын оңтайландыру, тасымалдау уақытын қысқарту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру көзделеді. Келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар Сенат «Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы ТХКБ-ны, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Заңда аталған бағдар бойынша жүктерді тасымалдаудың жыл сайынғы әлеуетті көлемін болжау, жылжымалы құрамды қадағалау жөніндегі деректермен алмасу және тараптардың аумақтарында контейнерлік пойыздар үшін экспорттық-импорттық, транзиттік тасымалдарды ұлғайту жөніндегі ынтымақтастықты дамыту көзделеді.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік