Теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселесі айтылды

Жүк тасымалы
20.08.2024, 11:56
Оқуға 3 мин
Қазақстан теміржолшысы

ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов ОКҚ алаңында су көлігінің жағдайы және оның болашағы, теңіз порттарындағы тереңдету жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылдың шілде айында Құрық портының акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды, жалпы көлемнің үштен бір бөлігі аяқталған. 7 санатқа жататын Құрық портының акваториясында топырақ әзірлеуге қауқарлы «Висалиус» жер снаряды тартылды. 2025 жылы Ақтау портында да осындай жұмыстар жүргізілмек. Онда қытайлық «Ляньюньган порт» компаниясымен бірлесіп контейнерлік хаб салу жобасын іске асыру басталды. Тиісті келісімге қол қойылған.

Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Порт инфрақұрылымын дамытуға Abu Dhabi Ports, Rhenus, CMA CGM, Wandernet сынды шетелдік инвесторлар, сондай-ақ бірқатар қытайлық компания қызығушылық танытуда.

«Осыған ұқсас жұмыстар теңіз порттарына іргелес теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Бейнеу – Маңғыстау», «Жарық – Сексеуіл» және «Шалқар – Құрық» ТЖ учаскелерінде 404 шақырымдық екінші жол салу жоспарда бар. 5 станция жаңғыртылады, сондай – ақ «Шалқар-Бейнеу» учаскесінде автобұғаттау енгізіледі. Осы іс - шараның барлығы магистральдық теміржол желісін 2030-жылға дейін жаңғырту жөніндегі бекітілген жоспарға енгізілген», – деп атап өтті Қ. Тілепов.

ТХКБ цифрландыру үшін сингапурлық PSA компаниясы «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, «Digital Trade Corridor» цифрлық платформасын әзірледі. Қытаймен шекарада транзиттік декларацияларды беру процесін автоматтандыру үшін «Tez Customs» жүйесі енгізілді, нәтижесінде оларды ресімдеу мерзімі 2-3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.  

«Қазақстан темір жолы» Солтүстік-Оңтүстік дәлізін цифрландыру мақсатында Абу Даби портымен стратегиялық әріптестік туралы тиісті келісім жасасты. Халықаралық теңіз ұйымының стандарттарына сәйкес өткізу пунктері жұмысының технологиялық процестерін автоматтандыру ынтымақтастық бағыттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ кеден органдарымен бірлесіп, теңіз өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. Порттарда кеме құжаттарын және кемелерге ауыстырылатын жүктерді ресімдеу бойынша «бірыңғай терезе» құрылады. Осы мақсатта біз халықаралық теңіз тасымалын жеңілдету жөніндегі халықаралық теңіз ұйымының конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді ведомство өкілі.  

Сауда флотын дамыту шеңберінде 7 бірлік кеме, оның ішінде 3 танкер, 2 паром және 2 контейнерлік кеме салу жоспарланған. Бүгінгі таңда қазақстандық сауда флоты 17 кемеден тұрады, оның ішінде 10 танкер, 4 құрғақ жүк және 3 контейнерлік кеме бар. Қазіргі уақытта Ұлттық теңіз тасымалдаушысы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы жобалау бойынша серіктестермен техникалық мәселелерді пысықтап жатыр.

Отандық теңіз флотының жүзу құрамында 1,5 мыңға жуық теңізші бар, оның 900-і  қазақстандықтар. Бүгінгі таңда теңіз көлігі кадрларының тапшылығы шамамен 200 адамды құрайды.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды