Көмір тиеуде кідіріс жоқ

Жүк тасымалы
22.08.2024, 12:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптада Үкімет отырысында алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев негізгі көмір тиейтін станцияларына апаратын 103 км жуық теміржол жөндеуден өткенін жеткізді.  

Атап айтқанда, көмірді жеткізу кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 102,7 шақырымды құрайтын негізгі көмір тиеу станциялары Қызылжар, Дегелең, Үшқұлын, Нұра және Екібастұзға апаратын жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жылу беру маусымына дайындық аясында көмірді уақытылы тиеуді қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп тиісті шаралар атқарылып жатыр. Көмірді жоғары жылдамдықпен – тәулігіне 700 км-ге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін тасымалдауды бағдарлау жүйесі әзірленген. Қараша-желтоқсанда жүктемені азайту үшін әкімдіктермен бірлесіп, жаз айларында көмір қорын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар көмірмен қамтамасыз ету мәселелеріне жедел ден қою және шешу үшін тұрақты штаб жұмыс істейді.

Коммуналдық-тұрмыстық секторды 3 айда көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар 108%-ға орындалған. 1 мамырдан бастап 15 тамызға дейін теміржол көлігімен 17 млн тонна көмір тасымалданып, оның 1 млн тоннасы коммуналды-тұрмыстық секторға, 16 млн тонна энергетикалық кәсіпорындарға жеткізілген. Жыл сайынғы деректерге сәйкес республика ішіндегі көмір тасымалының жалпы қажеттілігі 70 млн тоннадан асады. Орташа ай сайынғы көмір тиеу көлемі – 5,5 млн тонна.  

«Бүгінгі күні энергетикалық кәсіпорындардағы көмір қорының көлемі 3,7 млн тоннаға тең. Коммуналды-тұрмыстық секторды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Жылу беру маусымының 3 айында нақты тасымалдау көрсеткіштері жоспарға 108% құрады», – деді көлік министрі Марат Қарабаев.

2024 жылы көмір тасымалының жылжымалы құрамы 185 локомотивпен жаңартылды. Қазіргі уақытта тасымалдауға 20 мыңнан астам ашық вагон тартылған, оның ішінде 11 мыңы коммуналды-тұрмыстық көмірді тасымалдауға, 9 мыңы энергетика саласына арналған. Сонымен қатар 3 мыңға дейін жеке операторлардың вагондарын пайдалану мүмкіндігі бар.  

«Ұлттық оператор локомотивтерінің жалпы саны 1 мың 807 бірлікті құрайды. Жылжымалы құрамның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде, биыл 185 локомотив сатып алынды. Жалпы жұмылдырылған жылжымалы құрам қажетті көлемді тасымалдауды толық қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Жылу беру маусымына дайындық барысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді: Көлік министрлігі, Қазақстан темір жолы компаниясы және өңір әкімдіктері бекітілген кестеге сәйкес коммуналды-тұрмыстық көмір мен мазут көлемін уақытылы жеткізу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.    

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті