Семейлік теміржолшылар 6,1 млн тоннадан астам жүкті тиеп жөнелтті

Жүк тасымалы
09.09.2024, 14:48
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар үшін салалық қызметтегі негізгі басымдық – жүк тасымалы, осы бағытта ішкі нарық пен экспортқа шығарылатын жүктердің айналымын тұрақты қамтамасыз етіп, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және осы бағыттағы көрсеткіштерді жақсарту.

Бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесі жыл үлесінде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Жаз бойғы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жуырда басталған астық тасымалы мен көмір тиеу-түсіру жұмыстарында іркіліс жоқ.  

Мәселен, ағымдағы жылдың өткен жеті айында семейлік теміржолшылар жалпы көлемі 6,1 млн тоннадан астам жүк тиеп жөнелткен. Бұл орайда облыс ішіндегі тасымалдау қарқыны 4 пайызға жоғарылаған. Ал экспортқа шығарылған жүктердің көлемі 1,3 млн тоннаны құрап отыр. Бұл көрсеткіш әлбетте жыл соңына дейін біршама қарқынмен жоғарылайтыны анық. Себебі астық тасымалы мен көмір жеткізуде тапсырыстар әлі де көптеп қабылданып жатыр.

Көмір демекші, осыған дейін бөлімше басшылығы мен облыстық әкімдік бірлесіп аймақтағы жылу электр станциялары мен тұрғылықты халықты қатты отынмен қамтамасыз ету мәселелерін талқылаған болатын. Осы орайда биылғы жылу маусымы үшін Дегелең станциясынан 3,3 млн тонна көмір тиелініпті. Оның 340 мың тоннадан астамы Өзбекстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан елдеріне экспортқа жіберілген. Бұл көлем осы қыркүйек айынан бастап арта түсуде.

Жүк тасымалы бойынша қазіргі таңда Дегелең-Ақсу-Жаңа-Семей станциялары бойынша ауыр салмақты пойыздарды тоқтаусыз өткізу ісі ұйымдастырылуда. Бұл шаралар алдын ала жоспарланғандықтан тиімді нәтиже беруде. Дегелеңдік теміржолшылар тәулігіне сұранысқа қарай 450-490 вагоннан тұратын 6 немесе 7 жылжымалы құрамды құрастырып, жолға шығара алады.

Сол тәрізді бүгінгі күндері бөлімшеге қарасты ірі жүк станциялары Ауыл, Семей, Жаңа-Семей мен Жаңғызтөбе, Аягөз станциялары бойынша жүк пойыздарын құрастыру да көбейіп келеді. Тек тепловоз санын арттыру қажет, тораптық Семей мен Жаңа-Семей станцияларында тепловоздарға сұраныс біршама артып отыр.  Әсіресе астық пен майлы дақылдардың тиелу көлемі үлкен Ауыл, Белағаш станцияларына тепловоздар бірінші кезекте жіберіледі. Басты себеп, күзгі астық тасымалының қарқын алуы болып отыр. Мәселен, бір ғана Абай облысының көлеміндегі төрт лицензияланған элеваторға бидай мен арпа жеткізу жұмысы теміржолшылар мойнында. Мұның сыртында алдағы қазан айында орақ түсетін күнбағыс, рапс сынды майлы дақылдардың алды шетелдерге экспортталмақ.  

Биылғы жаз бойы күзгі және қысқы маусымдардағы жүк тасымалын қамтамасыз ету мақсатында вагон шаруашалығы бойынша елеулі жұмыстар жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде 80 мыңнан астам вагон дайындалған еді. Соның аясында Семей, Жаңа-Семей, Аягөз, Дегелең станциялары бойынша 3 мыңнан астам жүк вагондары күрделі жөндеуден өткізілді. Жалпы, күзгі көмір тасымалы кезеңінде вагон жетіспеушілігінің алдын алу күн тақырыбынан түспейтін өзекті мәселелердің қатарына жатады. Қазіргі таңда күллі бөлімше бойынша вагондарды сұрыптау мен жинап алуда, жартылай вагондардың айналымын жылдамдатуда ешқандай кедергі жоқ. Өндіріс барысындағы процестер басшылық назарында тұр.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды