ҚТЖ биыл 550-ден астам астықтың экспорттық маршрутын жөнелтті

2024 жылдың басынан бастап 582 маршруттық астық пойызы құрылып, жөнелтілді. Оның ішінде 551 экспресс-пойыз ҚХР, Түрікменстан, Иран, Ресей, Өзбекстанға астық жүктерін жеткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Еліміз бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды. Мұндай деректерді Бесінші AGRICOM  халықаралық конференциясы алаңында "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалының директоры Вадим Копылов мәлімдеді.

Тікелей маршруттық пойыздармен тасымалдау жүктерді жеткізу мерзімін, вагондардың айналымын қысқартады және жылжымалы құрам тапшылығын болдырмайды.  

Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша астықты темір жол көлігімен тасымалдау 5,4 млн тоннаны құрады, экспортқа 4,2 млн тонна, ҚР бойынша - 1,2 млн тонна жөнелтілді (2023 жылғы деңгейге+4%).

ҚТЖ желісі бойынша 2,3 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды, бұл өткен кезеңнің көрсеткішінен 17,4% артық. Экспортқа - 1,8 млн тонна (+20%), ҚР бойынша – 500 мың тонна (+9%).

2024 жылдың қыркүйегінде Ақтау порты арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үш есеге, 90 мың тоннаға дейін өсті. Қазан айында 212 мың тонна тасымалдау жоспарланған. ҚТЖ және "ҚазКорТрансСервис" АҚ үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ақбидай және Северный портының астық терминалдарында түсіру үшін вагондарды уақтылы беруді және бостарын    пойыздармен шығаруды ұйымдастырады.

Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және ҚХР елдері болып қала береді. Бұл ретте, соңғы үш жылда Қытайға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті