Семей станциясында жүк тиеу, түсіру жұмыстары артты

Жүк тасымалы
01.10.2024, 10:24
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей станциясы бойынша жүк тиеу мен түсіру жұмыстары жылдың екінші жартыжылдығында ширай бастады. Әсіресе контейнерлік тасымалға ерекше ден қойылуда. Бұл орайда жүк цехында қарбалас көп...

Логистика саласында ұзақ жылдық еңбек өтілі бар құрметті теміржолшы Болат Өтегенов басқаратын кластан тыс станция бойынша жүк айналымының артуына байланысты бірқатар тың шаралар қабылданған. Соның ішінде әсіресе станция басында құрастырылатын контейнерлік пойыздарға басымдық берілуде.  

Мәселен, өткен тамыз айында мұнда жалпы салмағы 39 692 тонна болатын 619 вагон құрастырылып, жолға шығарылыпты. Оның ішінде жекелей тоқталсақ, 372 контейнерден тұратын бес контейнерлік жылжымалы құрамдар бар. Контейнерлік пойыздарды жөнелтудегі негізгі бағыт – көршілес Қытай елі.  

Десек те, жүк түсіру жұмыстары бұрынғыша көш басында тұр. Өткен бір ай ішінде станциядан 1069 вагон жүк түсірілген.  

– Мұның барлығы – орта есеппен алғандағы көрсеткіштер. Станцияның әлеуеті зор, бір мезгілде бұдан да жоғары көлемдегі жүк айналымын жүргізе алады. Оған барлық мүмкіндік қарастырылған, – дейді станция бастығының логистика бойынша орынбасары Болатбек Ешмұратов.  

Кейде бір ауысымда жалпы саны 70-80 вагоннан аса жүк тиеп, 40-50 вагон жүк түсірілетін кездер де болады. Бұл әсіресе тасымал қарқыны артқан күзгі мезгілге тән жайт. Мәселен, қазіргі уақытта астық тасымалы күрт қарқын алған. Сол тәрізді «Семей силикат» зауыты өнімдерінің де үлес салмағы артуда. Ал түсірілетін жүк арасында Шығыс Еуропадан, Беларусь елінен жеткізілетін жиһаздар көп.  

Мұнымен қатар автокөлік қатынасы қиындайтын қысқы мезгілде азық-түлік, тіпті кондитерлік өнімдер мен сусындар да жылжымалы құраммен тасымалданады.

Сәйкесінше соңғы уақыттарда техникалық контордағы жүк тасымалы құжаттарын өңдеу ісі қарқын алған. Сол тәрізді жүк цехындағы 21 қызметкер де уақытпен жарысып еңбек етуде. Өндірістегі өнімділікті арттыру барысында АСУ бағдарламасымен іс жүргізуді қоса алғанда хаттамалық құжаттама жұмыстар да аса маңызды саналады.  

Станциядағы аға жүк қабылдап-тапсырушы Данагүл Өтеленованың жетекшілігімен ауысым бойынша атқарылатын іс-шаралар күнделікті өтетін лездемелік жиындар барысында толықтай пысықталып отырады. Жүк айналымын тұрақты жүргізуде құжаттарды өңдеу мен рәсімдеу ісінің де маңызы аса зор. Сол тәрізді жоспарлы шараларды орындауда да станциядағы жүк қабылдап-тапсырушылар мен тауар кассаларындағы, жүк цехында қызмет ететін қыз-келіншектердің еңбектері орасан екендігін айта кеткен жөн. Бұл ретте әр айға жеке жоспар жасалып, көзделген меже аясында нақты іс-шаралар қолға алынады. Жүк тиеу мен түсіру ісіндегі әр күнгі көрсеткіш, клиенттерден түсетін тапсырыстар көлемі әртүрлі болғанымен, тораптық Семей станциясының теміржолшылары үшін мақсат пен міндет ортақ. Ол – белгіленген үдеден шыға білу.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды