Осы жылдың қыркүйек айында ҚТЖ еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ 260 жартылай вагон сатып алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жылжымалы құрам заманауи стандарттар мен техникалық талаптарға жауап береді. Жүк көтергіштігі 70 тоннаға дейін.
Жартылай вагондар астық, көмір және басқа да әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауға арналған, бұл жүк тасымалдарының тиімділігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.
Осы жылдың соңына дейін 1000 астам жаңа жүк жартылай вагондарын сатып алу жоспарланып отырғанын атап өту маңызды, бұл Компанияның жылжымалы құрамын жаңартудағы маңызды қадам болады.