Биыл Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды

Жүк тасымалы
15.11.2024, 14:10
Оқуға 1 мин
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.

Өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3 % - ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18 % - ға өсті. Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22 %-ға өсу байқалады. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда «Шығыс-Батыс» транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84 % - ға ұлғайған.

«Сондай-ақ, биыл Құрық портының «Саржа» терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді. Сонымен қатар, Құрық портының «Ерсай» теңіз терминалынан 2024 жылы Қазақстан арқылы Әзірбайжаннан Өзбекстанға транзитпен 153 габаритті емес жүк тасымалданды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл қазан айында Құрық портында жылына қуаты 1 млн тоннаны құрайтын тағы бір астық терминалы қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Құрық портының базасында толыққанды логистикалық кластер құру жұмысы белсенді жүріп жатыр.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті