ТМТМ: ҚР мен ҚХР шекарасында транзиттік жүктерді ресімдеудің цифрлық платформасы іске қосылды

Жүк тасымалы
06.12.2024, 16:07
Оқуға 1 мин

Қазақстанның Қытаймен шекарасында Транскаспий халықаралық көлік бағдары  (ТХТМ) бойынша өтетін жүктердің кедендік транзитін декларациялау процесі автоматтандырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Global DTC компаниясы "KTZ Express" АҚ-мен ("Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ-ның еншілес компаниясы) бірлесіп Tez Customs цифрлық платформасын іске қосты. Tez Customs-ты енгізу қағазсыз құжат айналымына көшуге және кедендік рәсімдерден өту уақытын пойыз шекаралық станцияға келген сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Платформа құжаттарды алдын ала дайындауды, транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеуді және шығаруды қамтиды. Бұл логистикалық процестерді оңтайландыруға, ресімдеудің барлық кезеңдерінің ашықтығын арттыруға және кедендік операциялар уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, "ҚТЖ" ҰК "АҚ мен Global DTC компаниясының бірлескен күш-жігерінің арқасында Tez Customs 2024 жылғы мамырдан бастап Алтынкөл - Сарыағаш бағытындағы Қытай - Орталық Азия бағыты бойынша транзиттік жүктерді ресімдеу процесін толығымен автоматтандырды.

2024 жылғы қазанда платформаны қолдану аясы ТХКБ-ға кеңейтілді. Платформаның жұмысы барысында Қытай-Орталық Азия бағыты бойынша 54 мыңнан астам транзиттік декларация автоматты рәсімделді, ТХКБ бойынша -  5 мыңнан астам.

Анықтама: Global DTC - DTC платформасын әзірлеуші және операторы, Сингапурдың технологиялық компаниясы. Global DTC жетекші әлемдік порт операторы - PSA International тобының мүшесі болып табылады.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды