Астық тасымалы: жеткілікті резерв бар

Жүк тасымалы
09.12.2024, 11:55
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл қыркүйектен қарашаға дейін ҚТЖ арқылы 3,7 миллион тонна жаңа өнім тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% көп. Ел ішінде тасымалдау көлемі 29%-ға, яғни 800 мың тоннаға дейін ұлғайды, экспорт 51%-ға, яғни 2,9 млн тоннаға дейін өсті. Мұндай мәліметтерді Астанада өткен астық форумында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Ғани Есенбаев келтірді.    

Айтуынша,  Орталық Азия елдеріне 1,6 млн тонна тасымалданып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артқан. Оазис, Болашақ және Сарыағаш сияқты негізгі өткізу пункттерінің тасымалдау үшін жеткілікті резервтері бар. Ақтау порты арқылы Иранға 356 мың тонна тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 есе көп. Оң тенденцияларға қарамастан Қытай бағытындағы тасымалдардың біршама төмендегені байқалады. Оған Қытай тарапындағы тексеру алаңдарының шамадан тыс жүктелуі, сондай-ақ сапаны қосымша тексеруге байланысты қазақстандық астықты қабылдау бойынша шектеулер себеп болуда екен.

«Қытай кеден органдарымен проблемаларды шешу үшін көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктеріне, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер және мемлекеттік инспекция комитеттеріне, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі ұйымдарға өтініштер жолданды. Жалпы, 3 жыл ішінде ҚХР-ға астық тасымалының 5 есе өскенін атап өткен жөн. Қытай тарапынан астық жүктерін түсіру бойынша барлық инфрақұрылым белгілі бір шекте жұмыс істейді және Қазақстан тарапынан үлкен көлемге есептелмеген», – деп атап өтті Ғани Есенбаев.

Процесті оңтайландыру үшін ҚТЖ жолаушылар және жүк пойыздарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, астық тасымалдаушылардың жүктемесін белсенді реттейді. Астық қарқынды жөнелтілетін өңірлер бойынша компанияның орталық аппаратында арнайы астық топтары, яғни штаб жұмыс істейді, олар күн сайын тасымалдау жағдайын бақылайды.

Логистиканы жақсарту және тасымалдау тиімділігін арттыру мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтер паркі айтарлықтай жаңартылды. 2024 жылы 183 локомотив сатып алынды, күзгі кезеңде Есіл, Тобыл, Құсмұрын және Қостанай сияқты негізгі станцияларда маневрлік локомотивтер саны қосымша ұлғайтылды. Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін Қостанай өңіріне еліміздің басқа өңірлерінен қосымша локомотивтер көшірілген. Жалпы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де 1635 локомотив бар.  

Қараша айында Ресейге және Балтық елдеріне экспорттау үшін Ресейден 1000-нан астам астық тасымалдаушылар тартылып, олар астықты порттарға және көрші елдердің нарықтарына тасымалдау үшін белсенді пайдаланылды. Астық тасымалдаушыларға сұраныстағы маусымдық ауытқулар мәселесін шешу үшін жыл бойы вагондар паркін ұтымды пайдалануға бағытталған кешенді шараларды әзірлеу ұсынылады. Бұл үдерісте мемлекеттік органдар, ҚТЖ, жүк жөнелтушілер және салалық қауымдастықтар маңызды рөл атқарады.

ҚТЖ өкілі экспорттық жеткізілімдердің өсуін және астық тасымалына сұраныстың маусымдық ауытқуын ескере отырып, компания техникалық мүмкіндіктері мен астық тасымалының логистикасын жетілдіріп, инфрақұрылымын дамытуды жалғастыратынын жеткізді.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды