Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39%-ға өсті

Жүк тасымалы
25.12.2024, 10:42

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39% - ке артық. Орталық Азия елдері мен Қытайға қара металдардың экспорты 9% өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Қарағанды бөлімшесі қара металдарды тиеу көлемін арттырып қана қоймай, басқа жүктерді тасымалдауды да белсенді дамытуда. Өңірдің жүк ағынының едәуір бөлігін құрайтын көмір тасымалдау көлемі биыл 15 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 млн тоннаға артық. Сондай-ақ, арнайы кокс, марганец және басқа да пайдалы қазбаларды тасымалдау көлемі ұлғайды.  

Болжам бойынша, тасымалдау көлемінің өсуі 2025 жылы да жалғасады, бұл инфрақұрылымды жаңғырту және логистикалық процестерді жақсарту бойынша қосымша күш-жігерді қажет етеді.

Тасымалдау көлемінің, оның ішінде қара металдар мен көмірдің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін Қызылжар станциясында инфрақұрылымды кеңейте отырып, реконструкция жүргізілді. Қосымша, соның ішінде төрт қабылдау және бір тартымдық жолы салынды,. Қазіргі уақытта екі жаңа қабылдау-жөнелту жолы пайдалануға берілді.  

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды