Қаржылық табыс артты

Жүк тасымалы
25.02.2025, 08:47
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық көрсеткіштері оның өнімді сату немесе қызмет көрсету арқылы тапқан табысына байланысты екені белгілі. Темір жолда ол негізінен тасымал арқылы көрінеді.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшысының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Мұрат Жүгінісовтің мәліметіне сәйкес, аймақта пойыз тасымалына сұраныс та, мүмкіндік те мол. Былтырғы жылы бөлімше негізгі қызметтен 93 млрд 3 млн 293 мың теңге табыс тауып, жоспар 102%-ке орындалған. Оның ішінде тасымалдаудан түскен табыс 75 млрд, локомотивтік тартудан түскен кіріс 14 млрд, қосымша алымдардан түскен кірістер 2 млрд теңгеден астам қаржыны құраған. Қосалқы көмек кірісінің қызметі 954 млн 510 мың теңгені құрады, бұл бағытта тауар кассирлері, пойыз құрастырушылар сырт мекемелерге қызмет көрсетеді, кеңсе жалға беріледі, т.б. Сондай-ақ, локомотивтерді жалға беру, ағымдағы ағыту-жөндеу қызметі арқылы да, яғни вагондарға қызмет көрсету-жөндеу негізінде жақсы қаржылық нәтижеге қол жеткізілген.  

«Теміржолшылардың жалақысы жыл сайын артып отыр. Бір адамға шаққандағы жалақы жоспар бойынша 526 465 теңге, нақты 652 727 теңге, жоспардан 7% немесе 36 262 теңгеге артық. Жалақы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 7% өсті және ТЧЭ, ВЧД, қызметкерлеріне қаңтардан, бөлімше қызметкерлеріне 2 тоқсаннан КТУ премиясы төлене бастады», – дейді қаржы маманы.  

Тасымалдау процесіндегі жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру жоспар бойынша 86% немесе 706 мың тонно-км кем, өткен жылмен салыстырғанда 97% немесе 134 мың тонно-км кем. Орындалмауы – жұмыс көлемінің 15% кем болғанына байланысты. Негізгі қызмет шығындары бойынша жоспар 37 млрд 947 млн 590 мың теңге, нақты 39 млрд 493 млн 995 мың теңге. Артық шығыстардың себептері – жалақының өсуі және сыйақы беріле бастауы т.б. Еңбекақы қорының өсуінен әлеуметтік аударымдар да артқан, ал шығысты үнемдеуге келсек, материалдар – 391 млн 534 мың теңгеге, жанар-жағар май – 1 млрд 469 млн 555 мың, электр энергиясы – 87 млн 147 мың теңгеге үнемделген.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады