Жүк көлемін арттыруға мүдделі

Жүк тасымалы
17.03.2025, 17:43
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі Компания басшылығы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру және бекітілген жоспарларды орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Былтырғы жұмыстарды саралағанда ең алдымен өндірістік жарақаттануға жол берілмеді. Сондай-ақ залалсыз тасымалданатын жүктердің сақталуы қамтамасыз етілді, жүк тиеу жоспары 103,9% орындалды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі, өрт-техникалық минимум бойынша оқытуды жүргізе отырып, қызметкерлердің біліктілігі арттырылды, электр энергияны 2 565,05 мың шаршы/сағ немесе 41%-ға үнемдеуге қол жеткізілді, ал штаттың нақты мазмұны 100% жоспарға сәйкес келеді.  

«2024 жылға қойылған ағымдағы мәселелерді шешуге байланысты Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Доссор, Ескене, Жамансор, Аққыстау, Сазанқұрақ станциялары бойынша ақпараттық жүйеге станция-торап АСУ бағдарламалары енгізілді», – дейді өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықов.  

Сондай-ақ Мақат кентіндегі Мақат локомотив депосының 23 тұрғын үйінің коммуналдық желілерін жергілікті атқарушы органның балансына беру мәселесі шешілді. Мақат ауданы әкімінің ұзақ мерзімді активтерді қабылдау-беру актісіне әйкес жергілікті атқарушы органға өтеусіз беру жолымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің мүлкі, соның ішінде автомобиль жолдары, трансформаторлық қосалқы станциясы, электрмен жабдықтаудың инженерлік желілері, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау торабы берілген. Бұл оларды күтіп-ұстау мен салық мәселелеріне оңтайлы ықпал етеді.

Бөлімше биылғы жылы да алдына келелі мақсат-міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда, ол ең алдымен қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу деңгейін төмендету, дизель отынының үлестік шығынын төмендетуге қол жеткізу және жүк тиеу деңгейіне арттыру. Жүк жөнелтушілер биыл жүк көлемін арттыруға мүдделі. Болжал бойынша Теңдік станциясынан жүк жөнелтуші «Батыс Транс Групп» ЖШС мұнай өнімдерінің (бензол, параксилол, мазут, кокс, автобензин, дизель отыны, реактивті отын, газойл) жалпы көлемін 4 млн 418 мың 750 тонна немесе орташа тәуліктік 12106 тоннаға және химиялық заттарды 276 723 тоннаға немесе орташа тәуліктік 758 тоннаға жеткізуді, Карабатан станциясы бойынша жүк жөнелтуші «Теңіз Көлік компаниясы», «Исткомтранс» ЖШС түйіршіктелген күкірттің көлемін 1 969 097 тоннаға немесе тәулігіне орта есеппен 5 394 тоннаға жеткізуді, «Ртсхолдинг» ЖШС 338 329 тонна көлемінде полипропилен тасымалын тәулігіне орта есеппен 1 798 тоннаға жеткізуді, ал Құлсары станциясы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС 1млн 424 мың 693 тонна көлемінде мұнай өнімдерін (пропан-бутан, мұнай, күкірт) немесе тәулігіне орта есеппен 3 903 тоннаға, 2 млн 691мың 162 тонна химикаттар немесе орташа 7 373 тонна, 1млн 524 мың 552 тонна шикі мұнай тасымалдауға немесе тәулігіне 4176 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Бұлар жүзеге асса аймақтағы тасымал көлеміне айтарлықтай серпін берері анық. Сонымен қатар бөлімше бойынша ғимараттар мен жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге 47 млн 444 мың 893 теңге қаралған. Оның ішінде Махамбет станциясы тауар кеңсесінің ғимараты, Ганюшкино, Ақжайық станцияларының әкімшілік ғимараты, Мақат станциясы ЭЦ бірлескен бекеті және техникалық қызмет көрсету пункті, «ТЧЭ-4 Мақат» қызметтік тұрмыстық корпусы ғимаратының су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары бар.  

 

 

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді