ҚТЖ-да астық штабының отырысы өтті

Жүк тасымалы
28.03.2025, 10:13

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық – түлік корпорациясы" АҚ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалдары - жол бөлімшелері, Тасымалдауды басқарудың өңірлік орталықтары өкілдерінің, сондай-ақ "Қазтеміртранс", "Астықтранс" жылжымалы құрам ірі операторларының, жүк жөнелтушілердің, темір жол тармақтары мен теңіз терминалдары иелерінің және т. б. қатысуымен Астық штабының отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңес барысында маркетингтік жылдың бірінші жартыжылдығында (2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейін) ҚТЖ желісі бойынша жаңа егін астығын тиеу көлемі 7,4 млн тоннаны құрағаны атап өтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47% артық. Астықтың ішкі тасымалы 30% – 1,6 млн тоннаға дейін өсті, ал экспорттық жеткізілім 53% артып, 5,8 млн тоннаға жетті.  

Экспорттың өсуі барлық негізгі бағыттарда байқалады: Орталық Азия елдеріне 3,2 млн тонна астық (+33%), Ауғанстанға – 248 мың тонна (+36%) жөнелтілді. Иранға (+660 мың тонна өсім 17 есе) және Әзірбайжанға (+360 мың тонна 90 есе өсім) жеткізілімдер қайта басталды.  

2025 жылдың екі айында ғана ҚТЖ желісі бойынша 2,4 млн тоннадан астам астық (+42,5%) тасымалданды, оның ішінде экспортқа – 1,9 млн тонна (+44,5%).  

Қазіргі уақытта астық тасымалдаушылар мен жабық вагондардың профициті байқалады, бұл наурыздың ұзақ мерекелеріне байланысты тиеу қарқынының төмендеуімен байланысты.  

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жүк жөнелтушілерді көлік шығыстарын субсидиялау көзделген бағыттар бойынша жеткізілімдерді жандандыруға шақырады. Олардың қатарында Ресей мен Балтық елдерінің порттары бар.  

"ҚТЖ" ҰК" АҚ сенімді логистиканы және астық нарығына қатысушылармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жалғастыруда. Инфрақұрылым, вагон және локомотив паркі мәлімделген жүктерді әкету үшін жеткілікті.

 

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді