Қаңтар-наурыз айларында темір жол көлігімен 3,6 млн тонна астық тасымалданды

Жүк тасымалы
01.04.2025, 14:23
Оқуға 2 мин

ҚТЖ желісі бойынша соңғы бес жылда бірінші тоқсанда астық тасымалдаудың рекордтық көлеміне қол жеткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында темір жол көлігімен 3,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49% артық. Экспортқа 2,8 млн тонна жөнелтіліп, өсім 52% құрады. Республика бойынша 788 мың тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 38% көп.  

Үш ай ішінде Иранға астық тасымалдау 11 есе, Балтық жағалауы елдеріне бес есе өсті.  

Қытай бағытында қосылған құны жоғары өңделген астық өнімдері, атап айтқанда құрама жем көлемінің тұрақты өсу серпіні байқалады. Олардың көлемі үш айда 500 мың тоннадан асып, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есеге артты.

Наурыз айында ҚТЖ желісі бойынша астықты тиеу көлемі де соңғы бес жылда жаңа рекорд орнатты және 1,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артық. Астықтың ішкі тасымалы 43% өсіп, 290 мың тоннаға жетті, ал экспорттық жөнелтілім 70% артып, 914 мың тоннаны құрады.

Наурызда барлық негізгі бағыттар бойынша экспорттың өсуі тіркелді. Орталық Азия елдеріне 463 мың тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 48% артық.

Өзбекстанға астық тасымалдау 28%, Тәжікстанға — 80%, Түрікменстанға — 18%, Қырғызстанға алты есе өсті. Ауғанстанға жеткізілім 23% өсті. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытында тасымалдау 18 есе, Қара теңіз порттары арқылы — 35%, Балтық порттары арқылы — 26%, Балтық елдеріне 10 есе артты.  

ҚТЖ сенімді логистиканы және астық нарығына қатысушылармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жалғастыруда. Көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ вагон мен локомотив паркі мәлімделген тасымалдау көлемін орындауға толық дайын.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті