Кері байланыс қызмет көрсету сапасын арттырады

Жүк тасымалы
17.04.2025, 10:38
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау қызметін ұйымдастырып отырған «Қазтеміртранс» АҚ тұтынушылармен Ақтөбеде кездесті. Үш жақты кездесуде тараптар бір-бірімен ашық әңгімелесіп, сауалдарын жолдап, түйткілді мәселелер шешімін табуға тырысты.

Ақтөбе жүк тасымалы ғимаратында өткен кездесуге «Қазтеміртранс» АҚ өкілдерінен бөлек жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар шақырылды. Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік орган қызметкерлері де арнайы шақырылған.

Негізгі мақсат – қызмет көрсету сапасын арттырып, өзара тиімді қарым-қатынасты нығайту. Кездесуде компания өкілдері қызмет сапасын жақсарту мақсатында бүгінде жасалып жатқан бірқатар жұмыстарды түсіндірді. Клиенттер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарды тыңдап, жауап берді.    

«Жүк жөнелтушілердің өтінімін қамтамасыз ету үшін локомотивтер жеткілікті. Бірқатар стратегиялық жобалар іске асты. Бүгінде вагон паркі айтарлықтай жаңарды. 3 мың жүк вагоны сатып алынды, тағы 3 мың вагон жөндеуден өтті. Барлық вагон паркі келісілген тасымалдау жоспарларын орындау үшін жеткілікті деп айта аламыз. Бүгін жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың сұрақтары тыңдалды. Кедергілерді жою, қиындықтарды болдырмау бағытында жұмыс жүріп жатыр, бірнеше жұмыс жоспарда бар», – деді «Қазтеміртранс» АҚ – Тасымалдауды қамтамасыз ету департаментінің директоры Асқар Жолдыбаев.  

Бүгінгі таңда әлеуметтік-стратегиялық жүк тасымалының маңызды екеніне тоқталған «Қазтеміртранс» АҚ өкілдері үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және желінің өткізу, сондай-ақ тасымалдау қабілетін арттыру үшін бірқатар стратегиялық жобалар іске асырылуда екенін жеткізді. Компания жауапты министрлікпен бірлесіп, халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүз пайызға орындап отыр.  

Әрине, жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар тариф бағасының өскенін сөз етпей қалған жоқ. ҚТТ өкілдері қызмет көрсетудегі баға ұзақ жылдар бойы тұрақты болып, бір тиынға да өспегенін жеткізді.  Компания ондаған жылдар бойы тарифті төмен бағада ұстаған. Соңғы кездері нарықтағы жанармай, қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тасымал қызметін де айналып өтпеді, яғни мұндай жағдайда тарифтің өсуі  заңды құбылыс екені түсіндірілді.

Батыс аймағында «Қазтеміртранс» АҚ қызметін пайдаланып отырған жүзден аса тұтынушы бар. Компанияның бас менеджері Алтай Қамбар олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешу жолдарын ұсынды. Бас менеджер маусымдық кезде туындайтын вагон жетіспеу мәселесі қазіргі уақытта толықтай жойылғанын, жылжымалы құрамға кез келген уақытта тапсырыс беруге болатынын жеткізді.    

«Қазтеміртранс» АҚ Ақтөбе аймағы бойынша 2024 жылы 12 айда 82 845 вагон тиелген. Оның ішінде «Қазавтожол» бойынша жоспар 46 190 вагон болса, оның орындалғаны – 25 427 вагон.  Ал 2025 жылдың үш айында 14 231 вагон тиелді. Соның ішінде «Қазавтожол» жоспары 5393 вагон болса, оның 1326 вагоны орындалды.

Компания өкілдерімен кездесуде жүк жөнелтушілер ГУ 12, ГУ 11, яғни онкүндік, айлық жоспар бойынша кезігетін сұрақтарды көп қойды. Вагон мен тепловоз қызметін біріктіру ұсынылды. Тұтынушылар бұл тариф құнына әсер ететінін айтты.

«Рас, қазір вагоннан қиындық жоқ. Қажетті вагонды уақытылы алып отырмыз. Вагон тұрып қалмау үшін тепловозбен қамтамасыз ету де бір жерден ұйымдастырылса екен. Біз бәрін бір жерден сұрап, бір терезеден тындырар едік. Тепловоз іздеу, күту мәселесі жойылар еді», – деді кәсіпкер.  

Тараптар қызмет ұсынушылар мен жүк жөнелтушілер және жүк қабылдаушылар үшін де кері байланыстың тиімді екенін, сондықтан қызмет көрсету сапасын арттыратын мұндай келелі кеңестерді жиі жоспарлау керегін мақұлдады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда