Қытай Орталық Азия елдеріне жүк тасымалын арттырып жатыр

Жүк тасымалы
21.04.2025, 09:36
Оқуға 2 мин
Фото: CR
Қазақстан теміржолшысы

2025 жылғы 12 және 13 сәуір күндері Қытайдың Ухань мен Чэнду қалаларынан Ташкентке жүк контейнер пойыздары жөнелтілді. Осылайша Қытайдың бұл өнеркәсіптік орталықтары мен Орталық Азия аймағы арасында аптасына бір рет жүретін тұрақты теміржол қатынасы орнатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ухань қаласынан шыққан контейнерлер негізінен болат прокат парақтары мен кондиционерлерге толы болса, Чэнду қаласынан шыққан пойызда тұрмыстық техника мен басқа да тауарлар тиелген. Чэнду пойызы 4800 шақырым жол жүріп, межелі жерге 10 күнде жетуі тиіс. Чэндудағы Қытай теміржол бөлімшесінің (CR) мәліметінше, алдағы уақытта аймақ елдеріне тез бүлінетін өнімдер мен электрондық сауда тауарларын жеткізетін бағыттарды іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жүк пойыздарының жаңартылған кестесіне сәйкес, Қытай мен Орталық Азия елдері арасында 44 тұрақты теміржол бағыты жұмыс істейді. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл бағыттармен 3582 жүк пойызы өткен, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайызға көп.

2025 жылдың қаңтарында Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының құрылысы ресми түрде басталды. Бұл жоба Қытай мен Қырғызстан арасындағы екі шекара өткелі — Иркештам мен Торугарт арқылы артқан жүк тасымалының аясында өзектілігін көрсетіп отыр. 2025 жылдың сәуір айының басына дейін бұл өткелдерден тиісінше 49 мыңнан және 42 мыңнан астам автокөлік өткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 76 және 51 пайызға көп.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды