Қытайға теміржол көлігімен астық жүктерін тасымалдау 46% өсті

Жүк тасымалы
24.06.2025, 09:18
Оқуға 2 мин

2025 жылдың бес айында ҚТЖ желісі бойынша Қытай бағытында 1,6 млн тонна астық жүктері (астық, ұн, құрама жем) тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46% артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жөнелтілген астық көлемі 328 мың тоннаны құрады, оның 239 мың тоннасы контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы 155 мың тонна, Достық станциясы арқылы 173 мың тонна шығарылды. Жөнелтілген ұнтақ өнімдерінің көлемі 179 мың тоннаны құрады, оның 112 мың тоннасы — контейнерлерде.  

Қосылған құны жоғары қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауда тұрақты оң динамика байқалады. ҚХР-ға құрама жем тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 5 есе артық. Тасымалданған жүктердің негізгі үлесі контейнерлік жөнелтілімдерге тиесілі болды.  

 Астық маркетинг жылының қорытындысы бойынша (2024 жылғы қыркүйек — 2025 жылғы мамыр) Қытайға астық жүктерін тасымалдаудың жалпы көлемі 2,7 млн тоннадан асты, бұл 2023-2024  маркетинг жылдарғымен салыстырғанда 22% артық. Астық көлемі 920 мың тоннадан астам болса, оның 600 мың тоннадан астамы контейнерлерде тасымалданды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 282 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде 1,5 млн тонна құрама жем тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Оның 1,4 млн тоннасы контейнерлерде жеткізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 5,7 есеге жоғары.  

ҚТЖ Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты теміржол тасымалын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды