2025 жылдың шілдесінде "Шұбаркөл Премиум" ЖШС көмірін теміржол көлігімен  тасымалдау көлемі 416 мың тоннаны құрады, бұл кәсіпорын тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

7 айдың қорытындысы бойынша жөнелтілген көмірдің жалпы көлемі 1,3 млн тоннаны құрады, оның ішінде: Қызылжар станциясынан – 244 мың тонна, Шұбаркөл станциясынан – 1 млн тоннадан астам.