Семейде көмір тасымалы артты

Жүк тасымалы
12.09.2025, 08:41
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір тасымалы қарқын ала бастады. Жүк айналымының басым бөлігін қамтитын бұл жүк түрі жазда да тасымалданғанымен, сұраныстың артуына байланысты қыркүйек айынан бастап кең қарқын алуда. Осы ретте негізгі салмақ Дегелең, Жаңа-Семей тораптық жүк станцияларына түсуде.

Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының айтуынша, биылғы жылу маусымы кезеңіндегі облыс халқының көмірге деген жалпы қажеттілігі 567 мың тоннаны құрайды екен. Жалпы аймақ бойынша 15 көмір өткізу пункті, соның ішінде 11 теміржол тұйығы және 4 ірі қойма бар. Осыған байланысты 32 көмір операторы жұмыс істейді. Көмір жеткізілімі теміржолшылар тарапынан бақылауға алынған. Алдағы уақытта тәулік сайын құрастырылатын пойыздар саны арта бермек. Бүгінде Дегелең станциясынан 6-8 пойызды жасақтап аттандыруға толық мүмкіндік бар. Көмір жеткізілімі келіп түскен тапсырысқа сай орындалуда. Мәселен, бүгінгі таңда Жаңа-Семей станциясының теміржолшылары қызмет көрсететін «ВостокУгольПром» теміржол тұйығында 300 тоннадан астам көмір бар. Тәулігіне ең кемі 9 вагон қатты отын түсіріледі. Көмір бағасы үйге дейін жеткізіп беруді қоса алғанда тоннасына 17 500 теңгені құрайды. Бұл – күллі республика көлеміндегі ең арзан баға.  

Сала мамандары биылғы тамыз айынан бастап қарқын алған қатты отын тасымалы штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Тасымал үдерісінің барлық сатысынан бастап көмір операторларының жұмысы арнайы құрылған жұмыс тобының назарында тұр. Облыстық әкімдіктің бастамасымен аймақтағы бюджеттік ұйымдарға көмірді 15 қыркүйекке дейін толық жеткізу міндеттелген. Осы ретте алдағы жылыту маусымы кезеңінде өңірде тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталықтар ашу да көзделіп отыр.  

Қазіргі таңда жергілікті теміржолшылар қауымы тұрғындарға қазан айының басына дейін отын қорын толық жасақтау қажеттігін түсіндіруде. Алдағы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына көмірді ерте сатып алу, тек жылу қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, маусым басталғанда туындайтын ұзын-сонар кезектің, көмір тапшылығы мен бағаның өсу қаупін болдырмауға да көмектеседі. Сондықтан көмір сатып алуды кешіктірмей, қазірден бастап қолға алған жөн. Бұл қадам тұрғындарға да, көмір жеткізуші теміржолшылар қауымына да қолайлы.  

Жалпы синоптиктердің болжамы бойынша биыл шығыста қыс ерте түсіп, аяз қатты болады деген болжам бар. Осыған орай аймақтағы бюджеттік және бюджеттік емес нысандардың жылыту маусымына дайындығы қатаң бақылауға алынуда. Семейлік теміржолшылар ел шығысын толықтай қатты отынмен қамтуда кедергілер туындамайды деген сенімде.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті