Түбектегі тасымал жандана түсті

Жүк тасымалы
26.12.2025, 10:04
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолымен астық тасымалы бірнеше есеге артқан. Өткен жылы желтоқсан айына дейін Ақтау теңіз портындағы Ақбидай және Оңтүстік терминалдарымен 380 мың тонна бидай жөнелтілсе, биыл 853 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткішті Құрық портындағы екі астық терминалы тағы да ұлғайтып отыр.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі логистика бөлімінің басшысы Айбек Өтековтің мәліметінше, межелі мерзім ішінде түбек теміржолымен астық тасымалы бұрынғыдан анағұрлым көбейген. Былтыр Ақтау портындағы терминалдармен 110 кеме бидай жөнелтілген болса, биыл 262 кеме ауыстырып тиелген. Желтоқсан айында бұл процесс тағы да қарқынмен жалғасып жатқанын есепке алсақ, жылдың аяғына дейін көрсеткіш рекордтық деңгейге жететін түрі бар. Құрық портындағы өткен жылдың соңғы тоқсанында іске қосылған қос астық терминалындағы жағдай да жақсы. 2024 жылы қыркүйектен жыл соңына дейін алты кеме жөнелтілген еді, биылғы 11 айда 372 мың тонна жүк ауыстырып тиелген.  

Соңғы кезде көшке қайта қосылған Бейнеу астық терминалы да өз қарқынымен жұмыстарын жандандыра бастаған. Осы жылдың басынан бергі 11 айда 83 вагон-5700 тонна астық түсірген. Түркімен теміржолына жаз айларында 15 вагон өнімін жіберсе, енді Әзербайжан, Өзбекстанға қарай жөнелтетін жүктерін дайындауда екен. Бұдан бөлек жергілікті халыққа да түрлі бидай өнімдерін шығарып, соған қажетті астықты тасымалдап отыр.  

Түбектегі осындай оң өзгерістердің нәтижесінде темір жолдағы жалпы жүк айналымы артқан. Он бір айлық жоспар 111,8 пайызға орындалған. Жүк тиеу 107,6 пайызға жеткен. Жүк түсіруде де жоспар жеті вагонға көбейген немесе күніне орта есеппен 278 вагон түсірілген.  

– Өңірдегі жүк айналымы былтырғыға қарағанда жоғары. Биыл бұл тұрғыдан жүк тасымалына әсер ететін біраз өзгеріс болып, нәтижелер де соған сай жақсарып жатыр. Мәселен, ТХКБ бағытындағы көрсеткіштер өткен жылғыдан едәуір көп. Межелі мерзімде 225 кеме жіберілді. Оның ішінде 42 мың контейнерлік ауыстырып тиеу болды. Құрық портынан да жүк жөнелту деңгейі артты. Қараша айына дейін 1 млн 20 мың тонна жүк ауыстырып тиелді. Өткен айда басталған жөндеу жұмыстарына байланысты жұмыс сәл бәсеңдеді, соның себебінен көрсеткіштер былтырғымен бірдей деңгейді сақтады. Құрық портынан «Оңтүстік» портқа дейінгі станцияда жаңа тұйықтар ашылды. Оған 1440 жабық вагонмен, 50 платформа, 168 фитингілік контейнермен жүктер келді. 95 мың тонна жүк жөнелтілді. Былтыр 658 вагон түсіріліп, 60 мың тонна жүк жіберілген еді, – дейді Айбек Өтеков.  

Болашақ – Түркіменстан бағытындағы жүк айналымы да артып, 1 млн 357 мың тонна жүк тасымалданған. Өткен жылғыдан 157 мың тоннаға көбейіпті. Алдағы уақытта тағы да жандана түседі деген болжам бар. Контейнерлік тасымал да күннен күнге артуда. Құрық портындағы жұмыстар бұдан былай бірнеше есеге дейін ұлғаяды деп күтілуде. Бұл порттан тасымал көлемін болашақта жеті миллион тоннаға дейін көбейту жоспарланған.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті