ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 2025 жылы 30% өсті

Жүк тасымалы
08.01.2026, 14:27
Оқуға 2 мин

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 14,3 млн тоннадан асты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 31% артық. Экспортқа 11 млн тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы көлемнен 33% көп. Мұндай көрсеткіштер соңғы 10 жылда алғаш рет тіркелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ішкі тасымалдар 26% артып, 3,3 млн тоннадан асты. Тасымалдардың өсуі Орталық Азия елдері бағытында да байқалады – 30%, яғни 6,3 млн тоннаға дейін, оның ішінде:

Қырғызстанға – 2 есе;

Тәжікстанға – 12%, 1,4 миллион тоннаға дейін;

Өзбекстанға – 32%, 4,5 миллион тоннаға дейін.

Әзірбайжанға астық тасымалдау 3 есеге, Иранға тиеу – 69%, Ауғанстанға тиеу – 63% ұлғайды. Балтық елдеріне тасымалдау көлемі 6 есеге өсіп, 800 мың тоннадан асты. Қаратеңіз бен балтық порттарына тасымалдау сәйкесінше 49% және 67% өсті.

2025 – 2026 маркетингтік жылы (2025 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін) астық тасымалдау көлемі 6 млн тоннаға (+19%) жетті, оның ішінде экспорт 4,7 млн тоннаны (+18%) құрады. Орталық Азия елдеріне тасымалдау 27%, яғни 2,8 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға – 71%, Балтық елдеріне – 2 есе, Қара теңіз порттарына – 47%, Балтық порттарына – 6 есе өсті. Өзбекстанға астық тасымалдау 41% артып, 2 млн тоннадан асты.

2025 жылғы желтоқсанда теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі 1,6 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 14% жоғары және рекордтық айлық көрсеткіш болып табылады. Экспорт 16%, яғни 1,3 млн тоннаға дейін ұлғайды, ішкі тасымалдар 300 мың тоннадан асты, бұл өткен жылғы деңгейден 10% артық.

Қытай Халық Республикасы бағытында астық жүктерінің экспорты 30% немесе 1 млн тоннаға өсіп, 4,2 млн тоннадан асты. Бұл ретте шикізат астығын тасымалдау көлемі 0,8 млн тоннаны құрады, бұл қосылған құны неғұрлым жоғары жүктерді тасымалдауға қайта бағдарлануға байланысты.

Контейнерлерде құрама жем тасымалдаудың пайдасына құрылымдық ауысу байқалады: олардың көлемі 3,5 есеге – 0,7 млн тоннадан 3,1 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Қабылданып жатқан шектеу шараларына қарамастан, түзету әрекеттері есебінен астықты тұрақты тасымалдау қамтамасыз етілді. Компания «ҚТЖ» ҰК» АҚ, бейінді министрліктер, жергілікті атқарушы органдар, ҰКП және жүк жөнелтушілердің жедел «Астық штабы» алаңында  өзара іс-қимылы шеңберінде тасымалдарды қатаң бақылауды жүзеге асыруды жалғастыруда. Теміржол көлігінің инфрақұрылымы және жылжымалы құрамның болуы былтырғы егіннің астығын тиеп жөнелту үшін элеваторлар мен кірме жолдардың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді.

 

 

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды