Алашаңқайдың әлеуеті артқан

Жүк тасымалы
03.03.2026, 09:05
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін тауар көлемі артып отыр. Әсіресе көрші елмен шекарадағы Алашаңқай теміржол өткелінің тиімділігі өскен. Алашаңқай теміржол бекетінің техникалық бөлім жетекшісі Чжан Юбиньнің мәліметіне сәйкес, былтыр бұл шекаралық өткел арқылы 29 млн тоннадан астам транзиттік жүк өткен.

Жалпы, Алашаңқай теміржол өткелі Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және тауар айналымының негізгі қақпасы болып саналады. Қазақстанмен шекарадағы өткел Қытайды 21 елмен байланыстырып тұр. Дәл қазіргі кезде Алашаңқай арқылы 128 бағытта жүк тасымалданып жатыр. Соның ішінде Достық станциясы байланыстыратын Қазақстан да бар. Аталған бекет негізгі қабылдау торабы ретінде қызмет атқарады және қазақстандық бағытпен тығыз үйлесімде жұмыс істейді.  

– Шекарадағы Алашаңқай теміржол өткелінің тиімділігі артып келеді. Бұл Қытайды Орталық Азия елдері және Еуропамен байланыстырып тұрған солтүстік-батыстағы негізгі күре жол. Жүк тасымалы жылдан жылға көбеюде. Қазір кеден рәсімдерін оңтайландырып, жүк пойыздарын жөнелту кестесін жүйелеп жатырмыз. Уақыт үнемдеуге оң ықпалын тигізді. Бүгінде темір жол арқылы жөнелтілетін жүк көлемі 5,3 пайызға өсті, – дейді Алашаңқай теміржол бекетінің техникалық бөлім жетекшісі Чжан Юбинь.  

Достық және Алашаңқай теміржол станциялары – Қазақстан – Қытай халықаралық көлік дәлізі учаскесінде орналасқан және екі ел арасындағы жүк тасымалы мен транзиттік ағынды қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты стратегиялық нысандар.  

Қазақстан темір жолының Достық станциясы Жоңғар қақпасының етегінде, Ұлы Жібек жолының тарихи бағытында орналасқан. Инфрақұрылымы дамыған станция шекаралық жүк тасымалдарын тұрақты ұйымдастыруға қабілетті, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпінді қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта Достық станциясында инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кең ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Тасымал процестерін үздіксіз қамтамасыз ету және кептелістердің алдын алу мақсатында жаңа қабылдау және жөнелту паркінің құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ қолданыстағы өткізу желілері кеңейтілуде. Достық пен Алашаңқай станцияларында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру транзиттік әлеуетті одан әрі арттыруға және Қазақстанның халықаралық көлік-логистика жүйесіндегі стратегиялық рөлін нығайтуға айтарлықтай ықпал ететін болады.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды