Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін

Жүк тасымалы
05.10.2026, 09:16
Қазақстан теміржолшысы

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту Орталық Азия елдерінің экономикалық өсіміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Дүниежүзілік банктің жуырда жариялаған «Интеграция: Транскаспий көлік дәлізі бойындағы әлемдік деңгейдегі сауда логистикасы» атты баяндамасында осындай болжам жасалған.

Экономист, сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі маман Өжет Шегірбаевтың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытына қатысушы елдер қажетті инвестицияларды қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды тиісті деңгейде дамытқан жағдайда, олардың жалпы ішкі өнімі орта мерзімді перспективада шамамен 3,3 пайызға, ал жұмыспен қамту деңгейі 2,9 пайызға артуы мүмкін.

«Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, ТХКБ елдерінде сауда көлемі 2023-2040 жылдар аралығында құндық мәнде 1,5 есеге, ал физикалық көлемде 60 пайызға өсуі мүмкін», – дейді Ө. Шегірбаев.

Сарапшының сөзінше, абсолюттік өсім ең алдымен Қазақстан мен Түркия секілді экономикасы ірі мемлекеттерде байқалады. Бұған аталған елдердің экономикалық ауқымы және Транскаспий дәлізінің негізгі тораптарындағы орналасуы әсер етеді.

Ал теңізге тікелей шығатын жолы жоқ экономикасы шағындау елдерде өсімнің салыстырмалы көрсеткіші анағұрлым жоғары болуы ықтимал. Өжет Шегірбаев мұны Армения мен Қырғызстан секілді мемлекеттер үшін көлік байланысының жақсаруы ерекше әсер ететіндігімен түсіндіреді.

Каспий арқылы тасымал көлемі де бірнеше есеге артуы мүмкін. Дүниежүзілік банктің есебіне сүйенсек, 2023 жылы Каспий теңізі арқылы шамамен 8,8 миллион тонна жүк тасымалданса, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 32,1 миллион тоннаға дейін жетуі ықтимал. Яғни өсім шамамен 3,6 есені құрайды.

«2040 жылға қарай Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді есіктен есікке дейін жеткізу мерзімі орта есеппен 18-19 күнге дейін қысқаруы мүмкін. Бұл үшін дәліздің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін қазірден бастап күшейту қажет», – деді сарапшы.

Қазақстан үшін қандай жобалар маңызды?

Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін ауқымды инвестиция қажет. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, ең шұғыл инвестициялардың көлемі шамамен 25 миллиард долларды құрайды. Бұған қоса желілік инфрақұрылымға, көлік тораптарына және логистикалық нысандарға тағы 30,5 миллиард доллар қажет болуы мүмкін.

Өжет Шегірбаев Қазақстанға қатысты бірқатар жобаның қазірдің өзінде іске асырылып жатқанын немесе аяқталғанын атап өтті.

Олардың қатарында Бақты – Аягөз, Мойынты – Қызылжар, Алматыны айналып өтетін теміржол желісі, Дарбаза – Мақтаарал бағыттары, сондай-ақ Ақтау портын кеңейту және Алтынкөл – Жетіген учаскесі бар.

«Бұл жерде маңызды жайт бар. Дүниежүзілік банк Қазақстан бағыты бойынша атап өткен негізгі жобалардың бірқатары қазірдің өзінде жүзеге асырылды немесе іске асырылып жатыр. Яғни біз тек жоспар туралы айтып отырған жоқпыз. Инфрақұрылымдық негіз біртіндеп қалыптасып келеді», – деді Өжет Шегірбаев.

Сарапшының пікірінше, ендігі міндет тек теміржол мен порт инфрақұрылымын салумен шектелмеуі тиіс. Транскаспий бағытының тиімділігін арттыру үшін тасымал процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету, цифрландыруды жеделдету және шекарааралық ынтымақтастықты күшейту қажет.

Бұл мәселелер шешілсе, Транскаспий дәлізі Еуропа мен Азия арасындағы балама көлік бағыты ғана емес, Қазақстанның халықаралық сауда және логистика жүйесіндегі рөлін күшейтетін маңызды экономикалық құралға айналуы мүмкін.

 

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер