Вагонмен келіп, кемеге тиелетін астықты қабылдау терминалдарының дайындығы қалай?

Жүк тасымалы
04.08.2021, 09:59
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда өткен алты айда астық тасымалы былтырғыға қарағанда қарқынды. Өзге өңірлерде осы жылғы егінге орақ салынып, қамбаға жиналып жатса, түбектік теміржолшылар әлі өткен жылдың жиын-терімін тасымалдап, жөнелтуде. Бұл өңірдегі астық тасымалы науқаны ұзарып, соның есебінен жүк көлемі артып отыр. Қазір түбектегі төрт терминал жаңа өнімді қабылдауға сақадай сай. Өңірде «Ақтау сол- түстік теңіз», «АқБидай», «Caspian Global» және жеке «Сауқымбек» ЖШС терминалдары бар. «АқБидай», «Ақтау солтүстік теңіз», «Caspian Global» ауыстырып тиеумен айналысады. Ақтау портына келген жүк терминалға түсіріліп, әрі қарай кемеге тиеледі. Онан әрі жүк теңізбен шет елдерге жөнелтіледі. Жылдың бірінші жартысында осы «АқБидай» және «Солтүстік» терминалынан ауыстырылып тиеліп 196 кеме немесе 773 мың тонна бидай мен арпа теңіз асқан. Көрсеткіш былтырғы салыстырмалы мерзімдегіден едәуір өскен. Өткен жылғы бірінші жартыжылдықта 181 кемемен 718 мың тонна бидай жіберілген екен. Оған қоса түбекке жеткен тағы 37 вагон – 9 мың тонна бидай «Caspian Global» терминалы арқылы жөнелтілген. Ал «Сауқымбек» ЖШС болса, ол тек өңірге келіп жатқан астықты қабылдайды. Онда межедегі мерзім ішінде 56 вагон – 4 000 тонна астық түсірілген. Бұл терминал оны ұн, макарон өнімдерін шығару мақсатында қолданады. − Өңірде астықты транзиттік бағытта ауыстырып тиеу үдерісі жақсарып, көрсеткіш артып келеді. Бұрындары Түркіменстанға Өзбекстан теміржолы арқылы жіберілетін. Болашақ станциясы ашылғалы ол үдеріс өзгерді, тікелей өзіміз жөнелтеміз. Мәселен, биылғы екі тоқсан ішінде Түркіменстанға Болашақ теміржолымен 920 жабық, 1503 астық вагоны тапсырылды. Оның ішінде бидай 2403 вагон немесе 160 мың тоннаны құрады. Соңғы уақыттары өзіміздің облыста пайдалану мақсатында келетін астық өнімдерінің көлемі де көбейіп отыр. Астық өнімі – бидай ұнын алатын болсақ, бірінші жартыжылдықта Маңғыстау станциясына 36 вагон – 2080 тон- на, Ақтау портына 186 вагон немесе 10800 тонна түсірілді. Cондай-ақ Ақтау портына арпа ұнынан да 136 тонна келді. Мұндай жүктер Өзен станциясына да жеткізіліп отыр. Өткен алты айда бұл станцияға 54 вагон, Бейнеу станциясына 27 тонна бидай ұны келді. Осы аталғандардың барлығы – 2020 жылдың астығы. Әдетте мұндай тасымал қыркүйекте басталып, мамыр, маусым айларында тоқтайтын еді. Биыл ұзаққа созылып, жалғасып жатыр. Десек те, осы жылғы егіннің де теміржолмен экспортталуына дайын отырмыз. Элеватордың бәрі астықты қабылдап, жаңа науқанды бастауға әзір. Төрт элеватордың да дайындығын алдық. Жөндеуден өткен. Қазір екі терминалда профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Осы жылғы астықтың тасымалы қыркүйек-қазан айларында басталады деп күтудеміз, – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің логистика бөлімі бастығы Айбек Утеков. Логистика бөлімі бастығының айтуынша, түбек теміржолына жеткен астықтың шашылып төгілмей, бұзылмай сақталып, теңіз жағалауы елдеріне жөнелтілуіне Маңғыстауда барлық жағдай ойластырылған. Теміржолшылар әдеттегідей өз міндетін орындаса, «АқБидай», солтүстік терминалдарында сақтау орындары мен құрғату мүмкіндіктері қарастырылған. «АқБидай» сыйымдылығы 22,5 мың тонна болса, Ақтау солтүстік теңіз терминалында бұл көрсеткіш – 60 мың тонна, «Caspian Global» – 10 мың тонна.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды