Еуропа мен Орта Азия елдерінің Қазақстан арқылы жүк алмасуына эстониялықтар мүдделі

Жүк тасымалы
10.08.2021, 10:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ Бас директоры Нұрлан Игембаев Эстония темір жолдарының басқарма төрағасы – бас директоры Кайдо Зиммерман бастаған делегациямен келіссөз жүргізді. Нұрлан Игембаев Эстония мен Қазақстан темір жолдарының арасында ынтымақтастықты дамыту үшін әлеует бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы Эстонияға Өзбекстаннан мұнай өнімдері, ЕО және АҚШ елдерінен Орталық Азия елдеріне машиналар мен жабдықтар жеткізіледі. Өз кезегінде Эстония делегациясы Қазақстанды перспективалы серіктес ретінде көретіндерін айтты. Кездесу барысында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның магистральдық желісі бойынша транзиттік жүк тасымалдау жоспары 5%-ға асыра орындалып, 10,3 млн тоннаны құрағаны атап өтілді. Контейнерлік тасымалдар 44%-ға ұлғайып және жиырма футтық баламада 532 мың контейнерге жеткен. Бұл арада, 58% құрайтын негізгі өсім Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымалдарға тиесілі болып отыр. Ресейден Қытайға және кері қарай тасымалдау айтарлықтай (69%-ға) өскен. Орталық Азия бағдарларында да, мәселен, Қытайдан 31%-ға, Қиыр Шығыс порттарынан 3%-ға, сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзербайжан, Грузия арқылы және одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне өтетін ТХКБ (Транскаспий халықаралық көлік бағдары) бойынша 2,3 есе өсімнің бар екені байқалып отыр.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті